09 Ақпан, 2011

Ресей орденімен марапатталды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын сол шақта республика Үкіметін басқарған Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығымен ашыл­­ған еді. Содан беріде аталған өнер ордасына Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, «Құрмет» ор­де­нінің иегері Татьяна Стромская сын­ды білікті басшы жетекшілік етіп келеді. Жуырда ол Ресей мемлекетінің «Достық» орденімен марапатталды. Оны көрші мемлекеттің біздің еліміздегі елшісі Михаил Бочарников Семейге арнайы келіп, марапат иесіне табыстап кетті. Осы орайда бұдан бірер жыл бұрын кезінде өзінің баға жеткісіз кол­лекциясын осы мұражайға табыс­таған Ю.Невзоров Елбасы Жарлы­ғы­мен «Парасат» орденімен марапаттал­ғанын айта кетсек дейміз. Өнерде шекара жоқ деген осы. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.