18 Шілде, 2016

АҚШ-та 350 мың долларға қалашық сатылады (фото)

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_51817" align="aligncenter" width="700"]180716-USA 1 Фото: denver.craigslist.org[/caption] АҚШ-тың Колорадо штатында Джеймс Джонсон есімді азамат Кэбин-Крик қалашығын 350 мың долларға сатпақшы. denver.craigslist.org сайтының мәліметі бойынша, бұл қаражатқа ол саяхаттап қайтуды жоспарлап отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл мекенді сатып алуға ешкімнің батылы бармапты. Дегенмен, Джеймс Джонсонның айтуынша, сол кездері көпшілік қызығатын орындардың бірі болған екен. Жұбайы екеуі кәсіптерін жүргізіпті. Ал қазір олар Байерс қалашығында тұрып жатыр. [caption id="attachment_51818" align="aligncenter" width="700"]180716-USA 2 Фото: denver.craigslist.org[/caption] 1970-жылдары Кэбин-Крикте жайсыз оқиға болған екен. Кісі өлімі болғаннан кейін елес-қала деп аталып кетіпті. [caption id="attachment_51819" align="aligncenter" width="667"]180716-USA 5 Фото: denver.craigslist.org[/caption] «Алғашында туристік орталық ашпақ едік. Оқыс оқиғадан соң Кэбин-Крикке келушілердің қатары күрт азайды. Уақыт өте келе шағын ғимараттар қаңырап бос қалды. Бірнеше жылдан бері айтарлықтай өзгеріс болған емес», – деді Джеймс Джонсон. [caption id="attachment_51820" align="aligncenter" width="700"]180716-USA 3 Фото: denver.craigslist.org[/caption] Кэбин-Криктің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды. Қалашықта ескі автосервис, 8 бөлмелі қонақ үй, 8 орындық автотұрақ, екі үйшік, дәмхана бар. Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатында осыған ұқсас Суэтт қалашығы 250 мың долларға саудаға қойылған. Ал 2012 жылы Буфорд қалашығы 900 мың долларға сатылған болатын. Аян ӘБДУӘЛИ