19 Шілде, 2016

Қызыл деңгейден сары деңгейге ауыстырылды

412 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
19-07 -almaty Кеше Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы Алматы қаласы аумағында шекті (қызыл) террористік қауіптілік деңгейінің енгізілгендігі жөнінде хабардар етті. Бұған белгісіз біреудің Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚК департаменті ғимараттарына шабуыл жасауы негіз болған. Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдаған, деп хабарлады Антитеррор орталығының баспасөз қызметі. Қылмыскерлер қолға түсті Кеше, яғни 18 шілде күні таңер­теңгі сағат 11 шамасында Алматы қалалық Ішкі істер де­пар­таментінің Алмалы аудандық бас­қармасы­на белгісіз біреу кір­мек­ші болады. Бірақ, бекетте тұр­ған полиция қызметкері оның жолын бөгейді. Осы кезде ішке енбекші болған қылмыскер бекетте тұрған полиция қызметкерін атып жарақаттаған. Содан соң ол ішкі істер қызмет­кері­нің қаруын иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Іле оның артынан «Боран» патруль­дік тобы ілеседі. Бірақ қыл­мыс­кер өзінің ізіне түскен «Боран» патрульдік тобына өзі бекет­те жарақаттаған ішкі істер қыз­мет­керінің қаруынан оқ жауды­ра­ды. Осының сал­дарынан екі қыз­меткер жара­ланды. Артын­ша қарулы қақ­тығыс кезінде қыл­мыскер де жараланып, «Қазақ­концерт» ак­ционерлік қо­ға­мы­ның маңында қолға түсті. Оны құрық­тау бары­сында тағы 2 по­ли­ция қыз­мет­кері жарақат алды. Қазіргі таңда қылмыскердің кім екендігі анықталды. Өкінішке орай, ол ұсталардан бұрын бір қала тұрғынының жеңіл автокөлігін тартып алмақ болған. Соның нәтижесінде жүргізуші жараланып, қаза тапты. Сонымен қатар, жарақат салдарынан үш полиция қызметкері де көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойын­ша, бұрын сотталған 27 жас­тағы Қызыл­орда облысы тұр­ғыны­ның өткен аптадағы әйел адамның өліміне де қатысы бар күдікті екені анықталып отыр. Алматы қаласында «Сирена» жедел жос­пары құрылып, барлық поли­ция қызметкерлері ұсталған қыл­мыс­кердің сыбайласын іздеуді жалғастыра берді. Соның нәти­же­сінде Алматы қаласының Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына кіргісі келген қылмыскердің қасын­да болған сыбайласы да анық­т­алып, көп ұзамай қолға түсті. Енді оның да осындай құқық бұзушылық әрекеттері тексеріліп жатыр. Ал бекетте тұрған полиция қызметкерінің ұрланған қаруы «Қазақконцерт» АҚ маңында қылмыскерді ұстау барысында табылды. Қазіргі таңда қаладағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының жіті бақылауында тұр. Ал Алматы қала­сының түрлі аумағында атыс болды деген қауесет шындыққа сәйкеспейді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Ал кешке қарай еліміз­дің Анти­террор орталығы Ал­маты қала­сы аума­ғында күні бойы жүргі­зіл­ген ар­найы опера­циялар­дың аяқ­тал­ған­ды­ғын жариялады. Осыған орай Ұлт­­тық қауіпсіздік комитетінің ше­­ші­­мімен Алматы қаласы мен қа­ла аума­ғындағы террористік қауіп­­­ті­лік жағдайы «қызыл» дең­­­гей­­ден, «сары» деңгейге ауы­с­­ты­­рыл­ған­дығы ресми түрде мәлім­делді.