19 Шілде, 2016

Өрістеген өндіріс

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
1411129819-2 Ақтөбелік кәсіпкерлер екі өнді­­рісті пайдалануға берді. Жаңа бизнес нысандарының ашылу сал­та­натына облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев қатысты. Облыс орталығында 300 атау­­дан астам кондитерлік өнім жә­не жылына 5 мың келі тұш­па­ра шы­ға­ратын, дүкені, кафе­терийі және тұшпараханасы бар кон­ди­тер­­лік цех ашылды. Жаңа өнді­ріс ор­ны­на кәсіпкер Зәуреш Еркін­али­на 100 миллион теңге қаржы салған. «Ваниль» кондитер цехы 2007 жы­лдан бері жұмыс жасап келе­ді, өнімдеріне сұраныс жоға­ры. Қазір­гі таңда компаниялар тобында 130 адам еңбек етсе, олар­дың 30-ы жа­ңа өндіріске жұмы­л­дырылып отыр. Өңір басшысы өндіріс учаскесі мен сауда залы орналасқан жаңа цехты аралап көрді. Цех, кафетерий және тұшпарахананың жал­пы ауданы 400 шаршы метр­ді құрайды. Мұнда кондитер, шоколад, нан өнімдері мен тұш­пара, «Удон» жылдам әзір­ленетін кеспе және басқа да тағамдар өндіріледі. Содан кейін облыс әкімі «ТКФармАқтөбе» ЖШС дәрі зауы­­тын аралап, салтанатты жағ­­д­ай­­да капсула түрінде қатты дәрі өн­­ді­ретін цехты іске қосты. «Биз­­нестің жол картасы-2020» мем­лекеттік бағдарламасы аясында қолданысқа беріліп отырған кәсіп­орын директоры Жаңагүл Төре­ханова облыс басшысына кәсіп­орында медициналық, фар­ма­­цев­тік және химия-техно­логи­я­лық білімі бар 50 адамның жұмыс жасайтынын жеткізді. – Біз дәрілік препараттар­дың, меди­циналық сипаттағы өнім­дер­дің көтерме және бөлшек сау­да­сы­мен, сонымен бірге, дәрі­лік жабдықтар өндірісімен айна­лы­самыз. Препараттар өнді­ру зауыты халықаралық GMP талап­тарының барлық стандарттарына сай салынған, – деді директор әңгіме арасында. 2016 жылдың ақпан айында кәсіпорынның GMP – СТ РК 1617-2006 «Дәрілік жабдықтар өндірісі. Тиісті өндірістік тәжі­рибе. Негізгі ере­­желер» стандарт­тар тала­п­тары­на сәйкестігі тек­серіл­ді. 2014 жыл­дан бері зауыт мия ма­йы шы­рыны, термопсис, пер­­тус­­син экстрактілері бар мия ма­­йы­­ның шырыны секілді сұ­­йық дәрілік препараттар шы­ғара бас­тады. Өндірілетін өнім ас­сор­ти­ментін кеңейту мақ­сатын­да «ТКФармАқтөбе» СК кап­сула түрінде қатты дәрілік пре­па­­рат­­тар өндіретін цехты іске қос­ты, флуканазол, лоперамид, ак­тивтендірілген көмір, докси­цик­лин және грипповир секілді преп­а­раттар шығаруға рұқсат алды. Бұдан басқа екі тіс емдеу мекемесі пайдалануға берілді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше