19 Шілде, 2016

Ақпараттар ағыны

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
241-1
  • Қазатомөнеркәсіп пен қы­тай­лық компаниялар атом саласындағы ынтымақ­тас­тықты нығайтуда. Ком­па­ния­лар басшылары бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларын одан әрі жүзеге асыру, сондай-ақ еліміздің атом саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады.
  • Биылғы жарты жылда Қа­зақ­стан бойынша тран­зиттік пойыз көле­мі 13 па­йыз­ға артты. Жаңа­дан ашылған Ша­л­қар-Бей­неу, Жез­қаз­ған-Сексеуіл, Арқа­лық-Шұбаркөл теміржол желілері­мен алты айда 5 мил­лион тонна жүк жіберілген.
  • ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында Астана­да физика бойынша халық­ара­лық ғылыми конференция өтуде. Аталмыш конференция инерциялды термоядролық синтезді энергияны дамытудың жаңа бағыттарын зерттеу мәсе­ле­лері бойынша жұмыс істеуде.
  • Жарты жылда Астана-Щучье автожолынан 533 млн. теңгеден астам қаржы жиналды. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында жүйеге 1 млн. 200 мың автокөліктің өткені тір­келген. Бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, көлік ағыны 2,8 пайызға арт­қанын көрсетеді.
  • Алматы облысының кәсіпкерлеріне 3 ай ішінде 578 млн. теңгеге қолдау көр­сетілді. Тоқсан ішінде «Даму» қоры кәсіпкерлердің несие­лерін субсидиялау бойынша 34 келісімшартқа қол қойды. Соны­мен қатар, кепілдік беру бойын­ша сомасы 510 млн. теңге бо­ла­тын 29 келісімшарт мақұлданды.
  • Оңтүстік Қазақстан облы­­сы­ның делегациясы Малай­зияда IT-техно­ло­гия­лар­ды енгізу тәжірибесімен таныс­ты. Аталған іскерлік са­пар­дың негізгі мақсаты об­лыс­тың экономикасына Малай­зия инвесторларын тартып, іске қосылған жобалармен танысу болатын.
  • Қарағанды облысының кәсіп­керлері «Даму» қоры арқылы 484,6 млн. теңге­нің несиесіне ие болды. «Бизнес­тің жол картасы – 2020» бағдар­ла­­масының жүзеге асырылуы­нан бастап субсидиялау бойын­ша Аймақтық үйлестіру кеңе­сін­­де жалпы сомасы 102,8 млрд. тең­генің 657 жобасы мақұлданған.
Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы материалдары бойынша дайындалды