19 Шілде, 2016

Көңіл айту жеделхатын жолдады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 07-akorda Қазақстан Президенті Түркияда қарулы төң­керіс жасау әрекеті болуына байланысты Прези­дент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Елбасының жекелеген теріс пиғылды күштердің Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекеті туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағаны атап өтілген. «Қайғылы оқиға салдарынан барлық қаза болғандар мен зардап шеккендер отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқын бірлікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз. Жағдайдың тезірек ретке келетініне сенімдіміз. Түрік халқы мемлекеттің демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға тілектестігін білдіріп, дос­тас елдердің жарқын болашағына сенімділігін жеткізді. Айдар ӨРІСБАЕВ  
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше