19 Шілде, 2016

Германияда бір адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_51901" align="aligncenter" width="697"]19076-germany Фото: tass.ru[/caption] Германияның Тройхтлинген аймағынан Вюрцбургке бағыт алған жолаушылар пойызында балта ұстаған ер адам 15 адамды жарақаттаған. «Оқыс оқиға сағат 21:15 шамасында болған. Қолына балта мен пышақ ұстаған ер адамның мұндай әрекетіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Бәрі аяқастынан болды», – деп хабарлады жергілікті құқық қорғау органының қызметкері. Ал күдікті ешнәрсе айтпастан пойыздан түсіп кеткен. ТАСС ақпарат агенттігінің ақпарына сәйкес, полиция қызметкерлері оның қарсылық танытқанына байланысты көп ұзатпай оны атып өлтірген. Бавария жеріндегі ішкі істер министрі Йоахим Херман ARD телеарнасына берген сұхбатында жолаушыларға шабуыл жасаған күдікті – 17 жастағы ауғанстандық екенін айтты. Ал дәрігерлердің мәліметі бойынша кей жолаушылардың жарақаты тым ауыр. Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Аян ӘБДУӘЛИ