«Бүгінге кемеңгер ағартушы Ыбырай Алтынсарин қолының табы қалған қандай зат жеткен?» деген сұрақты оның мемориалдық музейіне келгендер жиі қояды. Оның көзін көрген замандастарының жазып қалдырғанындай, Тобылдың жағасында Ыбырай атамыздың ағаш үйі болған. Бірақ, ол қайтыс болғаннан кейін қағаздары мен кітаптары нақты кімнің қолында кеткені белгісіз. Сондықтан болар, Ыбырай Алтынсариннің орыс достарына жазған хаттары сақталған да, ал оған келген хаттар бүгінге жетпеді. Тұтынған заттары, үйінің мүлкі туралы дерек жоқ. Ыбырай қайтқанда балалары жас болған, ал өткен ғасырдың 30-шы жылдары оның ұрпағы қуғын көріп, тарыдай шашылып кетті.
Қостанай қаласындағы ұстаздың мемориалдық музейінде қазір Ыбырайдың отбасы тұтынған төсекқап сақтаулы. Оны 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Леңгір қаласында тұратын Гүлсана Тастемірова деген кісі музейге пошта арқылы салып жіберген. Гүлсананың өзі Ыбырай Алтынсариннің әйелі Айғаныстың сіңлісі Рәзияның немересі екен. Төсекқапты Гүлсанаға әжесі: «Ыбыкеңнің көзіндей көріп сақтарсың», деп тапсырыпты.
Өте жіңішке иірілген жіптен ою салып, алаша секілді тоқылған төсекқаптың сәл өңі түскенімен, ұқыпты қолда сақталғаны білінеді. Сонымен қатар, музейде Ыбырай Алтынсариннен жеткен жәдігердің бірі «Шарият-ұл-ислам» – «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деген кітаптың түпнұсқасы да сақтаулы. Араб қарпімен жазылған кітапты Қостанайдағы Марал ишан мешітінің бас имамы марқұм Ертай қажы Исламұлы 2008 жылы тапсырған болатын.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Спортты дамыту дирекциясы Михаил Шайдоров жалақысына қатысты түсінік берді
Спорт • Бүгін, 21:29
Ресей Президенті 2027 жылы ЖИ арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды
Саясат • Бүгін, 21:10
Президент: Қазақстан мемлекеттік басқаруда ақылды платформаларды сәтті енгізуде
Саясат • Бүгін, 20:43
Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер көбейді
Қоғам • Бүгін, 20:02
Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды
Саясат • Бүгін, 19:32
Ұстаздықты жүрегімен ұғынған немесе «Білім беру ісінің үздігі» Әсия Исмағұлова туралы сөз
Руханият • Бүгін, 19:30
Аграрлық салада ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану жобасы іске асады
Шаруашылық • Бүгін, 18:45
Мұғалім – нарық сұранысындағы мамандық
Білім • Бүгін, 18:43
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті
Саясат • Бүгін, 18:40
ЕҰУ Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастығын кеңейтеді
Университет • Бүгін, 18:11
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Кінәлі қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады
Оқиға • Бүгін, 18:02