20 Шілде, 2016

Тәулігіне – 9 тонна өнім

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20 07 - teplica Қарасай   ауданындағы «Мад­мар» жылыжайына   тиесілі  4 га аумақты алып жатқан жеміс-жи­дек алаңқайынан күн көзі ашық болса тәулігіне 9 тонна, бұлтты болса 4 тонна өнім алынады. Негізінен, жылыжайда  қиярдың 3 сорты голландиялық технологиямен  компьютерлік басқару арқылы тамшылатып суғару әдісі бойынша өсіріледі. Биыл салат жапырағы мен қыза­нақ  та қосымша егілді. Көкөністер жәндіктер жіберу арқылы био­логиялық түрде зиянкестерден тазартылып отырады. Дайын өнім  Алматыдағы «Алтынорда» базары мен Ресейге жөнелтіледі. Жылыжайда  100 адам жұмыспен қамтылып, ай  сайын  орташа  60-70 мың  теңге  аралығында  ең­бек­ақы  алады. Нұрбол  ӘЛДІБАЕВ, «Егемен  Қазақстан» Алматы  облысы, Қарасай  ауданы