Биыл Орал өңірінде егін өте бітік шықты. Күздік бидайдың шығымдылығы орташа есеппен алғанда 40 центнерден асып түседі. Соңғы рет қай жылы осындай рекордтық өнім жиналғанын батысқазақстандық астық өсірушілер естеріне түсіре алатын емес. Мұндай жағымды жайт аймақтың ең астықты ауданы Зеленовта болып отыр. Мұндағы «Матевосян» шаруа қожалығына қарасты егін орып жүрген америкалық «Джон-Дир» комбайндары теңіздей тербелген бидай сабақтарын баудай түсіріп барады. Осы көрініске куә болған облыс әкімі Алтай Көлгіновтің жүзі де тым жайдары көрінді.
Көкжиекпен көмкерілген егіндікке сүйсіне әрі риза болып тұрған облыс басшысы бір кезде алқапта жүргендерді таң-тамаша қалдырып жақындап келіп тоқтаған комбайн штурвалына барып отырды. Ол ең әуелі «Джон-Дирды» басқару өте ыңғайлы әрі қолайлы екеніне көзін жеткізді. Басқару кабинасы түгелдей әйнектелген, штурвал иесінің жан-жағын жіті бақылап отыруына толық мүмкіндік бар. Автоматтандырылған егін ору техникасында ауа баптағыш құрылғыға дейін ойластырылыпты.
Облыс әкімі еш тайсалмастан оны жүргізу тетігін басқан кезде дала кемесі қаздай қалқып қозғала берді. Көп жүрмей-ақ жүздеген метр алға озған кезде оның бункері баданадай алтын дәнге толды да қалды. Осылайша өңір басшысы биылғы жылы қамбаға құйылатын құт-береке мен ырысқа өз қолымен орылған 48 центнер бидайды қосты. Осындайда техника тілін білу еш уақытта артықтық етпейтініне көзім одан әрі жете түскендей күй кешеді екенсің. Әрі техника болғанда қандай?! Заманауи, ең соңғы үлгідегі алымды да, шалымды комбайн. Сірә, мұны облыс әкімінің көпшілікке көрсеткен тағы бір өнегесі десек жарасар.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48