11 Ақпан, 2011

АЗИАДА ақиықтарына арналған алғыс

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының әкімі Иман­ғали Тасмағамбетов Азия ойын­дары­ның жеңім­паздары мен жүл­де­герлерін марапаттады. Әкіммен кездесуге Қысқы Азия ойындарына қатысқан спортшылармен бірге Гуанчжоу қаласында өт­кен Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері де шақырылды. Қала басшысы спорт­шыларды үлкен жеңістері­мен құттықтап, оларға пәтер кілт­терін табыс етті. Пәтер кілттерін барлығы 10 спортшы алды. Олардың ара­сында   бокс­тан халықаралық дә­р­ежедегі спорт шеберлері, Жазғы Азия ойын­дарының жеңім­пазы Да­нияр Елеусінов пен осы ж­а­рысқа қатысқан Виталий Левит, әйелдер күресі бо­йын­ша халық­аралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының қола жүлде­гері Айым Әбілдина, дзюдодан ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері, Азиадаға қатысушы Тимур Болат, көр­кем гимнастикадан ха­лық­аралық дәрежедегі спорт ше­бері, жекелей және команда­лық есеп­те Азия ойын­дарының жеңім­пазы атанған Анна Алябьева, Астана қаласы құрамасы­ның жаттық­тыру­шысы, Жазғы Азия ойын­да­ры­ның жеңімпазы, Азия чем­пио­ны Мая Зайнулина, спорт­тық бағ­­дар­лау­дан спорт шеберлері, Қыс­қы Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Михаил Сорокин, Қысқы Азиаданың төрт дүркін жеңімпазы Ольга Новикова,  Қысқы Азия ойын­дарының чемпионы Эльмира Молдашева мен еркін күрестен Жаз­ғы Азия ойын­дарының қола жүлдегері Леонид Спиридонов болды. Дастан КЕНЖАЛИН.