akorda.kz[/caption]
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Жиенбаевпен кездесті.
Akorda.kz-тің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқының бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті.
Қазақстан Президенті С.Жиенбаевқа әскери ерлігі мен елдің дамуы жолында аянбай еңбек еткені үшін алғыс айтып, алған марапатымен құттықтады.
«Сіз өткен ғасырдың қиын кезеңдерінің куәсі болдыңыз. Ұлы Отан соғысын бастан аяғына дейін өткердіңіз, одан кейін Қазақстан экономикасын өркендету жолында қызмет еттіңіз. Тәуелсіздік жылдарында елімізге баға жетпес қолдау көрсеттіңіз. Өткен өміріңізді айта отырып, жастарды тәрбиелеп келесіз. Бұл туралы баршамызға аян, аз айтылып, аз жазылған жоқ. Бүгінде Сіздің биік азаматтық қасиеттеріңіз барша Қазақстанның құрметі мен қошеметіне лайық», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор денсаулық пен бақыт тіледі.
С.Жиенбаев республиканың қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Президентінің жеке еңбегіне тоқталды және өз қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.

Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11
Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:59
Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кеткен: Кінәлілер жазаланды
Оқиға • Бүгін, 09:45
Табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік
Экология • Бүгін, 09:10
Спорт • Бүгін, 09:07
Жануарлар • Бүгін, 09:05
Футбол • Бүгін, 09:03
Қоғам • Бүгін, 09:02
Музыкалық платформадағы күй күмбірі
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Химия саласының келешегі сараланды
Шымкент • Бүгін, 08:58
Жанар атты жалқы кейіпкер хақында...
Әдебиет • Бүгін, 08:55
Тұлға • Бүгін, 08:53
Таным • Бүгін, 08:50
Әдебиет • Бүгін, 08:48
Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды
Спорт • Бүгін, 08:45