25 Шілде, 2016

«Егемен Қазақстан» Әбіш Кекілбайұлының мұраларын түгендеуге атсалысады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  1 «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының қара шаңырағына арнайы барып, Клара апаймен кездесті. «Бүгін Әбіш ағаның үйіне кіріп шықтық... Арайлы азаттықтың алғашқы жылдарында басылымның басшысы болған абыз аға "Егеменді" деген сөзді "Егемен" деп өзгертіп, газеттің бүгінгі атауының қалыптасуына ықпал еткен екен. Абзал аға Түркі академиясын да жақсы көрді, жақын тартып, барлық іргелі шараларымыздың төрінде отырды. Әбіш ағаны қатты сағыныппыз... Ағамыздың аруағына Құран бағыштап, ақтық сапарға аттанған кабинетінде тыныстап, мауқымызды бастық... Клара апай ағыл-тегіл әңгіме айтты... Бұйырса, кезінде өзі басқарған ұжым ретінде Әбіш ағаның мол мұраларын түгендеу ісіне барынша атсалысамыз. Кітапxанасын ашу, Егеменде жарық көрген мақалаларын кітап етіп бастыру, қарымды публицистерге арнайы сыйлық тағайындау және тағы басқа шараларды атқару жағын ойластырып отырмыз. Жатқан жеріңіз жайлы, мәңгілік мекеніңіз пейіш болсын жан аға - Алаштың абызы...», – деп  жазды Фейсбуктегі парақшасына Д.Қыдырәлі. 2 3 4 5