фотокөрмесі Мәскеу төрінде ашылды
Мәскеу орталығындағы Никольский көшесіндегі «Революция алаңы» метро стансасының маңында «Қазақстан – Ұлы Дала елі» тақырыбында фотокөрме ашылды. Оны Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен «National Geographic Россия» журналы ұйымдастырды.
Экспозицияға Қазақстанның табиғатына, сондай-ақ, Алматыда өтетін қысқы Универсиада-2017, Астанада ұйымдастырылатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған 60-тан астам сурет туындысы қойылған. Аталған суреттердің авторы, «National Geographic Россия» журналының шеф-фотографы Андрей Каменев осы көрме үшін Қазақстанға барып, бір ай шамасында арнайы фотоэкспедицияға қатысқан екен.
Шараның ашылуында сөз алған журналдың бас редакторы Андрей Паламарчук «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фотокөрмесін ұйымдастыру биыл қазақ тілінде «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруімен байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, ол экспозицияның басты тақырыптарының бірі Астана төрінде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі екенін атап өтті. «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбы – адамзат үшін өте өзекті, журналымыз үшін де өте жақын. Себебі, біздің миссиямыз – Жер шарын қорғау, сол арқылы оқырмандарымызды осыған тарту әрі қызықтыру», – деді А.Паламарчук.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Марат Сыздықов: «Еуразия кеңістігінің ортасында орналасқан Қазақстанда Еуропа мен Азияның түрлі бояумен көркемделген ландшафты кездеседі», – дей келе, көпшілік аталған фотокөрме арқылы бұған көз жеткізе алатынын жеткізді, сонымен бірге, жиналған қауымды қонақжай қазақ еліне барып, оның таңғажайып жерлерін тамашалауға шақырды. Ал «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы АҚ Маркетинг, ілгерілеу және туризм департаменті директорының орынбасары Жәмила Нұрқалиева «National Geographic Россия» журналына және Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне аталған фотокөрмені ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіре келіп, келер жылы елордада өтетін ЭКСПО-2017-ге қатысуға шақырды және қазірдің өзінде халықаралық көрменің билеттері сатылымға қойылғанынан хабардар етті.
Фотокөрменің ашылуына арналған салтанатты шараның соңы Мәскеудің Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрайымы Дәмелі Тасмағанбетованың ұйытқы болуымен әзірленген концертке ұласты. Ал фотокөрменің өзі биылғы жылдың 24 тамызына дейін жалғасады.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27