Ол – «Әйгерім» фильмі
Семейде АТОМ жобасы аясында көптеген шаралар легі ұйымдастырылуда. Соның бірі мүгедек жанның тағдырына арналған «Әйгерім» көркем фильмінің тұсаукесері №3 мектепте өтті. «Жас ұлан» киностудиясында түсірілген бұл фильмнің тәрбиелік мәні зор, адамдардың бір-біріне қамқор болуын және қоғамымыздағы мүгедек жандарға қарайласуға үйретеді, деді тұсаукесер барысында мектеп директоры Нұржан Ахметқалиев жоғары сынып оқушыларына қарата.
Фильм Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырысы бойынша түсірілген. Режиссері Еркін Рақышев. Ол жастай көзі көрмей қалған Әйгерім деген қыздың ауыр тағдырына құрылған. Әйгерім есейген шағында тігінші болып жұмысқа орналасады. Бірде ол қоларбаға таңылған Ерлан есімді жігітпен танысады. Әйгеріммен араласа жүріп Ерланның ойына кішкентай кезінде бір қыздың көзіне химиялық зат төгіп, зақымдап алғаны түседі. Айта кету керек, бұл фильмнің сценарий авторларының бірі семейлік жас қаламгер, мүгедек жан Нұркен Бектас. Фильмді тамашалаған №3 мектептің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзия Дүйсенқызының айтуынша, осындай кино балаларды адамгершілікке тәрбиелейді. Себебі, фильмді тамашалап отырсаңыз, Қытайда Лу деген дәрігер жаңа препарат ойлап тапқанын, оның Әйгерімге көмегі тиюі мүмкін екендігін айтады. Ерланның өзі жарымжан екендігіне қарамастан қаражатын Әйгерімнің көзінің еміне ұсынғандығына толқыған дәрігер отаны тегін жасайтындығын айтады. Фильм соңында жас қыздың көзі жазылып кеткендігін көрген оқушылардың да қуанышында шек болмады. Бұл тұрғыда 9 «а» сынып оқушысы Әсима Әлібекова, 8 «б» сынып оқушысы Ақсәуле Кәрібаевалар адам өз сенімін ешқашан жоғалтпау керектігін осы фильмнен үйренуге болатындығын тілге тиек етті. Фильмнің тұсаукесеріне қатысқан ақын, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Сұлтанбеков мұндай фильмді отандық телеарналардан көрсетіп, жастар сыйлығына ұсынған жөн екендігін айтты.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27