Зайсан ойпаты – Қазақстандағы ғана емес, Еуразия кеңістігіндегі палеонтологиялық және геологиялық тұрғыдан қазыналы өлке. Мұнда 66 миллион жыл бұрынғы бор дәуірінің соңынан бастап бүгінге дейінгі түрлі кезеңге тән жер қабатының тұнбалары сақталған. Айталық, Зайсан көлінің оңтүстік, шығыс және солтүстік аймақтарындағы тұнба қабаттарынан кайназой заманында тіршілік еткен 200-ге жуық жануардың сүйектері табылып отыр. Әсіресе, Қалмақпай өзенінің маңында миоцен кезеңінің соңындағы (5 миллион жыл) тұнба қабаттарынан гиппарион фаунасының жануарлары көптеп табылды. Оның ішінде керіктер, мүйізтұмсықтар, гиппариондар (жылқы тұқымдастарының арғы тегі), бұғылар, киіктер, қылыш тісті жолбарыс және тағы басқа түрлі жыртқыш аңдардың сүйектері кездеседі. Бір ерекшелігі, бұл жануарлар дүниесінің барлығы да қазіргі түріне ұқсамайтын арғы тегіне жатады, кейбірі жер бетінен жойылып та кеткен. Зайсан жеріндегі көне дәуірдегі аң-құстардың қалдықтарын былтырдан бері осы өңірде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан еліміздің Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Зоология институтының палеозоология ғылыми-зерттеу бөлімінің мамандары тауып отыр. Қазба жұмыстарының ішінде ерекше көзге түсетіні, миоцен заманының соңғы кезіне жататын керіктің жақ, жауырын және сирақ сүйектері. Мұндай толық әрі жақсы сақталған сүйектер өте сирек кездеседі. Жақ сүйектерінің тісіне дейін сақталған. Ертедегі керіктер Африканың саванналарында жүрген қазіргі түрлеріне көп ұқсай бермейді екен. Яғни, мойны аса ұзын емес, сырт пошымы бұғыға келеді. Оның өзінің бірнеше түрі бар. Сондай-ақ, биылғы құнды табыстардың бірі – мүйізтұмсық. 1980 жылы бұл жерде мүйізтұмсықтың бас сүйегі табылып, Зайсан сематериі деп аталған-ды. Жуырда сематеридің асық және жауырын сүйектері табылды. Алматылық палеонтологтар мүйізтұмсық жауырыны мен гиппарион тістері іспетті құнды материалдардың кейбірін Зайсан ауданының өлкетану мұражайына табыс етуді ұйғарыпты. Ал қалған сүйек қалдықтарын үгіліп тұрғандықтан ерекше әдіспен қатыру арқылы гипске орап, Алматыға зерттеуге жөнелтпек. Қазіргі кезде ұзындығы 50-60 сантиметрлік керіктің сирақ сүйектері қатырылды. Палеозоология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Болат Байшашовтың айтуынша, Зайсан көлінің солтүстігіндегі Ақсиыр, Қиынкеріш, Тұзқабақ жерлері, оңтүстігіндегі Құсты, Қызылқайың өзендерінің жағасында 60-қа жуық орында ертедегі аң-құстардың айрықша сұлбалары мен қалдықтары сақталған. Бұл мекенді алғаш рет 1960 жылдары мәскеулік палеонтологтар ашқан екен. Ал қазақстандық ғалымдар 1980 жылдардан бастап зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Жалпы, палеонтология – өте нәзік ғылым. Әсіресе, миллиондаған жылдар сақталған сүйекті топыраққа айнала бастаған жерінен бүлдірмей алу үшін асқан шеберлік, біліктілік керек. Осы тұрғыдан қарағанда Зайсан ойпатындағы сүйек қалдықтары әлдеқайда жақсы сақталған, бойына минералды заттарды сіңіргендіктен 30 миллион жылдан астам уақытқа төзеді, дейді ғалымдар. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?
Білім • Бүгін, 12:02
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады
Әлем • Бүгін, 10:33
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 10:25