redorbit.com[/caption]
Solar Impulse 2 ұшағы алғашқы рет Жер шарын айналып өтіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне қонды, деп хабарлады жобаның ұйымдастырушылары.
vz.ru-дың мәліметі бойынша, тек күн сәулесінің қуатын пайдаланатын Solar Impulse 2 ұшағы өз саяхатын 2015 жылғы 9 наурызда Әбу-Даби қаласынан бастады. Ол жолда Оман, Үндістан, Мьянма, Қытай, Жапония және АҚШ-тың бірнеше қаласына аялдады.
Бұдан бұрын Solar Impulse ұшағының бірінші үлгісі 2011 жылдың жазында халықаралық және трансконтинентальдық әуе сапарларын жүзеге асырған болатын. Компания Жер шарын жанармайсыз айналып өтіп, сол арқылы, жаңартылмайтын қуат көздерінің баламасы бар екенін дәлелдеуді мақсат еткен. Алайда, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін бұдан да жетілдірілген ұшақ қажет болды. Оны дайындау жұмыстары 2012 жылы басталды.
Solar Impulse 2 бір орындық ұшағы алғашқы «күнұшақтың» жетілдірілген үлгісі. Қанаттарының құлашы 72 метрді құрайтын бұл ұшақтың салмағы небәрі 2,3 тонна. Бұл – автокөліктің салмағымен пара-пар. Төрт электр қозғалтқышының жабдықтау қанатына жаңартылатын қуат көзі бар 17 мың күн батареясы орнатылған. Жылдамдығы ауа райына байланысты сағатына 50-ден 100 шақырымға дейін барады.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 27 Шілде, 2016
Күн сәулесінің қуатымен ұшатын ұшақ Жер шарын айналып өтті

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше