11 Ақпан, 2011

Елбасы Жолдауы жаңа биіктерге бастайды

836 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін

Жасампаздық жолбасшысы

Ақиқатына жүгінейік

Ел Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Дөңгелек үс­тел» отырысын өткізіп, онда Мем­лекет басшысының Қазақ­стан халқына арнаған «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалай­мыз» атты Жолдауы ықыласты жағдайда егжей-тегжейлі тал­қыланды. Осынау ғылыми форумға мемлекеттік органдар­дың өкілдері, мемлекеттік және тәуелсіз талдамалық құрылым­дар­дың жетекші сарапшылары, жоо-лардың оқытушылары, сон­дай-ақ «Нұр Отан» партия­сы­ның өкілдері қатысты. Кездесуде Елбасы Жолдауы елдің таяу болашақтағы қыз­метінің негізгі бағыттарын ай­қын­дайтын кең толғамды стра­те­гиялық құжат болып табыла­тындығы атап өтілді. Оның ең басты ерекшелігі сол, онда елді жаңаландыру жолында бірқатар нақты міндеттерді шешу қадап айтылды. Бұл, ең алдымен, егемен Қазақстанның дамуының са­п­а­лық жаңа кезеңі басталуымен тығыз байланысты. Биылғы жыл республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен өрнектеледі. Нақ осы жағдай аталмыш құжатта кең ауқыммен жоспарланған өзге­ріс­­тердің маңызын арттыра түс­пек. Жаңа Жолдауда Мемлекет бас­шы­сы республика ме­рейтойы «Бейбітшілік пен жасам­паз­дық­тың 20 жылы» ұра­нымен ай­шық­талатынын атап көрсетті. Стр­а­те­гиялық зерт­теулер институтының ди­рек­торы Болат Сұлтановтың және форумның басқа да қа­ты­сушыларының пайымдауынша, бұл ұранды: «Президент Нұр­сұлтан Назарбаевпен бірге» деген сөздермен толықтыруға әб­ден болар еді. Жолдауда қозғалған көпте­ген мәселелер бойынша ашық та қызу пікір алмасты. Институт директорының орынбасары Зарема Шаукенова Елбасы Жолдауының идеологиялық тұр­­ғысына кеңінен тоқталды. Нұрсұлтан Әбішұлы барша қазақстандықтарды әуелі өзіне, өз Отанына үнемді болуға, ел­дің даму жағдайының хал-ахуалын жанашырлықпен жақ­сы түсінуге шақырды. Осы тұрғыдан келгенде, кездесуге қаты­сушылар Жолдаудың біздің басты жетістіктерімізді – бос­тандығымызды, бірлігімізді, тұ­рақ­тылығымызды, өркендеуі­міз­ді қорғайтын құжат екендігіне баса назар аударды. Бүгін таңда Жолдау жүгіндіретін ақиқат осы екендігі анық. Қорғанбек АМАНЖОЛ, Алматы.

Байлықтың баяны ынтымаққа байланады

Қостанай қаласындағы демократиялық күштер коалициясы өткізген шара осыны көрсетті Қостанай педагогика инсти­ту­тындағы кіші мәжіліс залы ха­лыққа лық толы. Отырғандар тек педагогика институтының ұжы­мы ғана емес, онда жұмысшы­лар, түр­лі саяси партиялар мен үкі­­меттік емес ұйым мүше­лері де бар. «Нұр Отан» ХДП Қостанай қалалық фи­лиалының төрайымы Римма Бек­тұрғанова алдымен «Қа­зақстан-2020» халықтық экс­пре­сі» акциясына белсене қа­тыс­қандарға қаладағы демо­кра­тиялық күштер коалициясының алғыс хатын тапсырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы Жолдауын жолдаған күні «Нұр Отанның» Қостанай қалалық филиалының бастама­сымен облыстағы демократия­лық күштер коалициясы ын­ты­мақтасып, «Қазақстан-2020» ха­лықтық экспресі» атты акция өткізген. Құрамында көп нәр­сеге көңілі толмай жүретін «Ақ­жол» Қазақстанның демо­кра­тия­лық және өткен күндерді аң­сап аһ ұратын Коммунистік ха­лықтық партиялары жергілікті ұйымдарының жетекшілері, үкі­меттік емес ұйымдар өкіл­дері, мәслихаттар депутаттары және ар­дагерлер мен жастар, нұр­отан­дықтар бар топ темір жол вокзалынан шерулетіп, Қоста­най қаласындағы ірі-ірі тоғыз кә­сіпорынды аралаған. Бұл түр­лі партиялардың тек Қоста­най­да ғана емес, елімізде тұңғыш рет ынтымақтасып, бірігіп өткізген шарасы еді. Олар алдымен «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамы­на келді. Бұл кезде Қостанай қа­ласындағы барлық кәсіп­орын, мекеме ұжымдары сияқ­ты зауыттың жұмысшылары Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жолдауын теледидардан көру үшін атшаптырым цех­қа жиналған. Бұл цехта өт­кен жылы ғана кореялық жеңіл көлік құрастырыла бастаған. Акцияға қатысушылар Жол­дауды зауыт жұ­мыс­шыларымен бірге көріп, тың­дады. Еліміздің 20 жылда эко­номикалық, әлеуметтік салаларда және саясатта қандай тола­ғай табыстарға жеткенін Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев жан-жақты саралап айтып берді. Әр­кімнің жүрегін мақтаныш, ер­теңгі күнге деген сенім биледі. «АгромашХолдинг» АҚ – тек Қостанай үшін ғана емес, еліміз үшін маңызы үлкен зауыт. Ол ауыл шаруашы­лығының техни­ка­лық паркін жа­ңартуды қолға алып отыр. Осы зауыттағы жас маман Владимир Носенконың сөзі шынайылы­ғы­мен жұрттың көкейіне қонды. – Қостанай қаласы жыл өт­кен сайын өсіп, құлпырып келеді. Жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр. Мысалы, өткен жылы ға­на біздің кәсіпорында да же­ңіл мәшине құрастыратын цех ашыл­ды. Мұның болашағы үл­кен. Қан­шама әлеуметтік нысан­дар бой көтерді, жаңа мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер са­лын­ды. Кедендік одақ құрылды. Еліміз өткен жылы ірі халық­аралық ұйымға басшылық жа­са­ды, биыл да тағы бір халық­ара­лық ұйымға жетекшілік еткелі отыр. Ақ Азиа­даның Қазақстанда өтуі де еліміз үшін үлкен мәр­тебе. Осының бар­лығы да Қа­зақстандағы саяси, экономикалық тұрақтылықты көр­се­теді. Ол Пре­зидентіміз Нұр­сұл­тан Назар­баев­тың сардар сая­са­тының мәуелі жемісі, – деді ол. Акцияға қатысушылар келесі кәсіпорын, «Агротехмашқа» беттегенде «АгромашХолдинг» АҚ-та сөйлеген Владимир Носенко осы топқа қосылды. Онда барған соң, жұмысшылар арасынан Есен Нұғыманов шығып, В.Носенко­ның ойын жалғастырды. Ол Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының куәсі болып келеді. Кемел саясаткердің әр Жол­дауында елдің экономикасын да­мы­тудың сара бағыттары айтыл­ды, бағдарламалар жасалды. 2010-2014 жылдарға арналған өндірісті үдемелі инновациялық дамыту бағдарламасы шеңбе­рін­де өткен жылдың өзінде облыста өнеркәсіп орындары тапсырыл­ды. Олардың әрқайсысына тең келер кәсіпорын облыста бұрын болған емес. Өйткені олардағы жаңа технология, заманауи құ­рал-жабдықтар өнімділікті еселеп арттырып отыр. Осы кәсіп­орындарда 2400 жұмысшының өз орнын тапқаны қандай ғанибет. – Менде қазір барлығы да бар. Өзімнің сүйікті ісім бар, от­басым қасымда, айлық жалақым қолым­да. Балаларымның ұйқысы ты­ныш, білім алуда. Бұл Қазақ­стандағы мен сияқты мил­лион­дар­­дың қабыл болған тілегі. Осы­­ның барлығы Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың кемел сая­сатының арқасы, бүгінгі Жолдау да соның айғағы! – деді Е.Нұ­ғыманов. Мұнан кейін «Қазақ­стан-­2020» халықтық экспресі» «Қос­танай ұн комбинаты» акционерлік қоғамы­на, «Баян сұлу» кондитер, «Ал­памыс» аяқ киім және «Большевичка» тігін фабрикаларына, «Милх» сүт зауытына, «Арасан» фир­масына, «КТЭК» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бар­ды. Ал әр кәсіпорында кем дегенде 300-400 жұмысшы бар. Ак­цияға қатысушылар тобы әр кә­сіпорынға барған сайын В.Носенко мен Е.Нұғыманов сияқты бір адамға толығып, сол ерген жұ­мысшы келесі кәсіпорын ұжы­мының алдында Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың жаңа Жол­дауында айтылған мәселелердің маңыздылығын, еліміздегі ынты­мақ­ты, бірлікті тілге тиек ете сөз сөйлеп отырды. Римма Шың­ғыс­қызы акцияның алдағы уақытта жалғасатындығын, оған қатысу­шы­лардың экономикалық та, әлеу­меттік те қуаты жағынан то­лысып, тотыдай құлпырып келе жатқан Қостанай қаласындағы басқа да кәсіпорындарға бара­тындығын айтты. Қостанайдың демократиялық күштері коалициясы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара ынтымақтасып, шерулеткен күнгі аязды айта көрмеңіз. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компа­ния­сы» АҚ консультативтік кеңесі­нің мүшесі, Қазақстанға еңбек сі­ңірген көлік қызметкері, Қоста­най қаласының құрметті азаматы 87 жастағы Бертран Рубинштейн қария да сондай аязды күні ак­цияға қатысқан топтың бел ор­тасында таңертеңнен кешке дейін жүрді. – Мен Қазақстанда 60 жылдан бері тұрамын. Соның 33 жы­лын­да Қазақстан темір жолының Қостанай облыстық бөлімшесін басқардым. Мен қызмет істеген жылдарда жұмыс бабында Нұр­сұл­тан Әбішұлымен кездесіп те жүрдім. Ол Президенттікке келген соң да кездесудің сәті түсті. Мұндай Президентті бізге тағ­дыр­дың өзі берген. Мен Қазақ­стандағы басқаны емес, өзім жақсы білетін темір жол сала­сын айтайын. Қазір бұл сала­дағы мә­шине жасау ісі қарыш­тап дамып келеді. Астанада тепловоз жа­сай­тын зауыт жұмыс істейді. Ол шығарған тепловоздар Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығы елдері­нің ешқайсында жоқ.Өткен жыл­дың аяғында Астанада элек­тро­воз жасайтын зауыттың іргесі қа­ланды. Енді бас қаламызда вагон жасайтын зауыт ашылады. Екі­бас­тұзда жүк вагондары шыға­рыла бас­та­ды. Алдағы жылдары Павлодарда рельс өндірілетін бо­ла­ды. Міне, осылардың барлы­ғын сырттан сатып алып жары­мас едік, енді оларды өзіміз сырт­қа сататын боламыз. Мен боямала­май-ақ айтсам, осы идеяның барлығы да Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­нан басталып отыр, – деді Бертран Иосифович. Қос­та­найдағы қадірменді ақсақал­дың өмірден көрген-түйгені, еңбегі­не қарай құрметі де жетерлік. Айтса аузы дуалы. Ал Қостанай педагогика инс­титутының кіші мәжіліс за­лын­дағы басқосу жалғасып жатты. Қоржынды алтынға толтырған спортшыларымыздың табысына балаша қуанған жұртшылық әлі Ақ Азиаданың әсерінен арыл­ма­ғандай. Бұл да ынтымағы жарасқан елдің бір ырысы бол­ғаны аян. Енді алда президенттік сайлаудың жауапкершілігін де әр қазақстандық жүрегімен сезінері хақ. Түрлі партия, түрлі ұйымнан келіп отырғандардың жүзінен бұра тартып, бөліну емес, рух биіктігі, ортақ мақсат­қа бірігу, түсінісу байқалды. Бірер күнде «Нұр Отан» ха­лықтық-демократиялық партия­сы­ның ХІІІ съезі өтеді. Осы ірі шараның алдында Қостанай педагогика институтынан елу адам «Нұр Отан» партиясының қатарына өтуге тілек білдірген екен. Оларға партияның Қоста­най қалалық филиалының төр­айымы Римма Бектұрғанова мен қалалық мәслихат хатшысы Гүл­нар Оралова және басқалар сал­танатты түрде билет тапсыр­ды. Партияға өткендердің қата­рында осы білім ордасының проректоры, тарих ғылымдары­ның докторы Еркін Әбіл де бар. – Бүгін нұротандықтар қата­рында сапқа тұрған елу кісінің арасындағы он екі студент партия қатарына өтуге ұстаз­дары­мен бірге өздері тілек етті. Ел­ба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында: «Мен ауызбірші­лік­тен айнымайтын ақжүрек жұр­тымның қуатты ұлтқа, шуақ­ты ұлысқа айналарына кә­міл сенемін», – деді. Елбасы айтқан болашақ сіздердің қолдарыңыз­да, – деді жиналғандар алдында сөз сөйлеген институт ректоры Қуат Баймырзаев. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруді ұйым­дастырушы ұстаз-басшы сөзіне не алып, қосуға болады?!. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай. Суретте: алғыс хат алған азаматтар.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Талдықорған қаласының әкім­дігінде Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің ха­лыққа арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын насихаттау, құ­жат­та көтерілген негізгі басым­дық­тарды түсіндіру мақса­тын­да мемлекеттік мекеме, ша­ғын және орта бизнес өкіл­дері, ардагерлер мен үкімет­тік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Биылғы жылдың басты құ­жатында халықтың әлеу­меттік мәселесіне ерекше кө­ңіл аударылғанына, атап айт­қан­да, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммунал­дық ша­руа­шылық және жұ­мыссыз­дықты жою мәселе­сі­нің кеңі­нен қамтылғанына өз риза­шылықтарын білдіргендер жауапты салаларында ат­қа­рылған істерді де ортаға салды. Қала әкімі Сәкен Жыл­қай­да­ров шаһардың дамуына байланысты алдағы жос­пар­лы міндеттерге тоқталса, өзге де сөйлегендер жыл өткен сайын жалпы жағдайдың оң қалыптасқанын арқау етті. Осылайша олар айтылған­дар­дың орынды екен­дігін атап көрсетіп, об­лыс орталығы – Талдықорған қаласының да­муына, өсіп-өркендеуіне өзін­дік үлестерін қосатындық­тарын жеткізді. Жолдау бізге жігер берді, дейді шаһарлықтар. Көктем басталысымен қаланы көгалдандыру, санитарлық тазалығын қалыпқа келтіру жұмыстарына барлық тұрғын қатысатыны да сөз болды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

Болашақ  алдындағы  жауапкершілік

Менің ұлтым – орыс. Мен 1990 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Новосел ауылында дүниеге келдім. Қазір Шоқан Уәлиханов атын­дағы Көкшетау мемлекеттік университеті агроинженерлік фа­куль­тетінің  3 курс студентімін. Мен және менің отбасым­дағы бес адам: әкем, анам, ағам, әп­кем, інім Елбасының би­ылғы Жолдаудағы тіл мәсе­лесі төңі­ре­гін­дегі айтылған сөз­дерін толық қолдайтыны­мыз­ды және барша­мыз алдағы сайлауда Ұлт Көш­бас­шысына бірауыздан дауыс беретіндігімізді нық сеніммен айта аламын. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саяса­ты­ның арқасында 20 жылдың ішінде бүкіл дүние жүзі тани­тындай және олар бізді мойын­дайтындай дәрежеге жеттік. Біз келешекте Отанымыз­дың жарқын болашағын жал­ғас­тыра­тын боламыз, оған мен және мен сияқты өзге ұлттың өкілдері де кәміл сенеді және ат­салысады деп ойлаймын. Мұ­ның барлығы кімнің арқасында орындалып, жүзеге асырылуда дегенде, бар істің басында, сөз жоқ, бүгінгі Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев сияқты биік тұлғаның тұрғандығын зор мақ­танышпен айтсақ, еш артықтығы жоқ деп білемін. Қазақ елі мен оның туын көтеріп отырған көп ұлтты халқының тағдыры Елба­сымен тығыз байланысты. Сон­дықтан да ол кісінің халыққа Жол­дауында көрсетілген бар­лық нұсқауларын жүзеге асы­руға ат­салысу – қайсымыздың болмасын азаматтық парызы­мыз, уақыт алдындағы үлкен жау­апкершілігіміз деп түсінемін. Кристина ФИГОЛЬ, студент. Көкшетау.

Жұмысқа серпін берген

«Ақтөберентген» акционерлік қоғамында алда болатын «Нұр Отан» ХДП ХІІІ  съезіне орай және Елбасының жаңа Жолдауын түсіндіру мақ­са­тын­да өткізілген акцияға облыс және «Нұр Отан» ХДП об­лыс­тық филиалы басшылығы, депуттаттар, кәсіби-техникалық ли­цейлер оқушылары, «Қазақ­стан-2020» жалпыұлттық демо­кратиялық күштер коали­ция­сы­на кірген үкіметтік емес ұйым­дар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты. Бір мыңнан астам адам жи­налған акцияны кіріспе сөз сөйлеп ашқан «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төр­аға­сы, облыстық мәслихаттың төр­ағасы Балғали Ордабаев  Ел­ба­сы Жолдауын ақтөбеліктердің толық қолдайтынын жеткізе келіп, мемлекет басшысының таяу онжылдыққа арналған тапсыр­ма­ла­рын жүзеге асыруда өңірдің еліміз бойынша көш бастап келе жат­қанын тілге тиек етті. Жол­дау­дың облыста индустриялық-инновациялық  бағдарламаларды жүзеге асырудағы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыс қарқынына анағұрлым серпін бергенін атап өтті. «Ақтөберентген» АҚ құрас­ты­ру цехының жұмысшысы Ақ­жар­қын Омарова Жолдаудың ел­діктің іргетасын бекіткен ма­ңыз­ды да мазмұнды құжат екеніне тоқталды. Ақтөбе мұнай құбырлары зауы­тының операторы Ирина Заваленная өзі еңбек ететін ұжым­ның Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға кірісіп те кеткенін қуа­ныш­пен мәлім етті. Оның ай­туын­ша, кәсіпорынға еліміздегі мұнай өндіруші компаниялардан кең көлемде тапсырыстар түсе бастапты. Бұл қосымша тағы да 30-40 жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік береді екен. Сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы Кедендік одақ­тың да тиімділігі сезіле бас­таған. Ресейден алынатын тауарлар бұрыңғыдай ұзақ уақыт кеденде тұрмайтындықтан,  жұ­мыс үдерісі тоқтамай, өнімнің өзіндік құны арзандай бастаған көрінеді. Ақтөбе политехникалық кол­леджі­нің 4-курс студенті, «Жас Отан» жастар қанатының мү­шесі  Ербол Шманның сөзі де әсерлі шықты. Ол  еліміз қол жет­кізген барлық табыстарды Қа­зақстанды осындай әлемге танымал еткен Елбасы есімімен байланыстырды. Акцияға қатысушылар  қа­зақ­тың қабырғалы композиторы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін әуелетіп, әдемі шараның ажарын аша түсті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.

Отанды қалтқысыз сүю – өмірлік басты парыз

Тәуелсіздіктің жиырма жылына аяқ басқан еліміздің аз ғана уақытта абыройы артқан ай­бын­ды елге айналуы шын мәнісінде де ірі жетістік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты – ха­лықтың әл-ауқатын нығайту» деп атап көрсетілуі көңілге қуаныш ұялатады. Сонымен қатар, бұл бағдарламалардың барлығының қазақстандық­тар­дың өмір сапасын жақсартуға бағытталуының маңызы өте зор. Елбасы айтқандай, мемлекетіміз биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап, зейнетақыны 30 пайызға дейін көбейту туралы міндеттемесін орындап, уәде биігінен көрінді. Сөйтіп, Елбасымыздың сарабдал саясаты нәти­жесінде халықтың әл-ауқаты арта түсуде. Менің өзім көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері ретінде айтарым, туған Отанымыздағы, отбасымыздағы ынтымақ, жас ұрпақтың бақытты өмірі – болашаққа сенімді нығайтады. Жол­даудағы «Отанды қалтқысыз сүю оның суығына шыдап, ыстығына күюді талап етеді» деген жолдардың әрбір қазақстандықтың өмірлік басты парызына айналуы ең бірінші қажеттілік. Бүгінде сексеннің асуы­на көтерілген, ел игілігі жолында еселі еңбек етіп, ауылдастарымның құрметіне бөленген мен секілді көп балалы ананың бұл тұжырымы көп көңілінен шығады деп сенемін. Оның өзіндік себептері де бар, өйткені, тұрақтылық пен тыныштық орнаған, қарапайым еңбек адамына жүйелі түрде әлеуметтік қамқорлық пен көмек көрсетілетін туған ел алдындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр. Шын­дығында да, бүгінгідей қым-қуыт заманда әр адам үшін бейбітшіліктен артық, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныштықтан артық бақыт, одан өткен қуаныш болуы мүмкін бе?! Жасыратыны жоқ, бейбіт аспанның қадірі мен қасиетін сонау ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы қасіретін басынан өткерген аға ұрпақ өкілдері жақсы түсінеді. Өмірдің қиындығын да, қызығын да бір адамдай көрген мен әкем Есімбекті және бауырларым Қожабек пен Дуанбекті қан майданға аттандырып, одан оралмай қалғанда небәрі он жаста ғана болатын. Одан кейінгі ағаларым – Иманбек пен Момбек те қан майданға аттанып, елге аман-есен оралды. Сөйтіп, бір шаңырақтан басқыншылармен шай­қасқа аттанған бес азаматтың үшеуі бірдей Отан үшін опат болды. Өзімнің өмірлік қосағым  Құр­ман­әлі Егізбаев та Ұлы Отан соғысының отты жыл­дарында ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсете білді. Соғыс аяқталған соң екі жылдан кейін, яғни 1947 жылы туған жері – Алматы облысы Еңбек­ші­қазақ ауданына оралған ол он жетіге жаңа толған ма­ған үйленіп, отбасын құрды. Жиырма үш жас­та­ғы майдангер жігіттің әлі оңы мен солын танып білмеген, жап-жас қызға  үйленгені кейбіреулерді таң­дан­дырған. Дегенмен, көп балалы отбасында тәр­бие­ленген мен үй шаруасына да, бала тәрбиесіне де икемділігімді көп ұзамай-ақ дәлелдеп шықтым. Бүгінде сегіз баланың ардақты анасы, немерелері мен шөберелерінің сүйікті әжесі атанып отырмын. Ал өткен күндерді еске алсам, анам Зағипамен бірге майдандағы жауынгерлерге тон тігіп, қолғап тоқып жіберген, ауыр еңбектен бел майысқан кездерімді ұмыту мүмкін емес. Бірақ, жүйрік уақыт бәрін ұмыттырады екен. Құрманәлі екеуміз  ата-ана ретінде балаларымызға тәлімді тәрбие беруге ұмтылдық. Тәубе, дейін, ұлдары­мыз­ды ұяға, қыздарымызды қияға қондырған, көп­ші­лік құрметіне бөленген мені құда-жекжаттарым әзіл-шыны аралас «Маршал құдағи» деп атайды. Еңбекшіқазақ ауданындағы шаруашылықта бас­шы қызметтер атқарған, «Еңбек даңқы» ордені­нің иегері, қосағым Құрманәлінің үлкен жүректі азамат болғанын оның көзін көргендер әрдайым айтып отырады. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылын­дағы көшеге ел игілігі жолында ерен еңбек еткен азамат Құрманәлі Егізбаевтың аты­ның берілуі де көп нәрседен хабар берсе керек. Ал Елбасының өз Жолдауы арқылы жыл сай­ын елдегі әлеуметтік жағдайға баса назар ауда­руы Отанымыздың іргетасын бекіте түсіп отыр­ған ұтырлы қадам екені анық. Демек, Қазақ­станның болашағы кемел. Расхан ЕГІЗБАЕВА көп балалы ана. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы.