Әлемдегі ең әйгілі саналатын Чампават жолбарысы ХІХ ғасырда Непал мен Үндістан аумағындағы елді мекендерді бірнеше жыл бойы үрейде ұстап келген. Ұрғашы бенгал жолбарысы ең қанішер жолбарыс ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген екен. Ол бірнеше жыл ішінде кем дегенде 430 адамды өлтірген.
ХІХ ғасырдың басында Непал аумағындағы ормандарда адамдар жиі жоғала бастаған. Кейіннен олардың бенгал жолбарысының азығына айналғаны белгілі болды. Жұрттың зәресін алған жыртқышты өлтіруге аңшылар мен Непал армиясының сарбаздары тартылды. Алайда, олар жолбарысты ата да, ұстай да алмаған, тек Непалдан Үндістан аумағына қарай қуып жіберген.
Осылайша, Үндістан аумағына өткен жыртқыш аң өзінің қанды жорығын жалғастыруға кіріскен. Ол бұрынғыдан да батылдау болып, енді адамдарға күндіз де шабуылдай бастаған. Жолбарыс ауылдардың маңында жортып жүріп, жолында кезіккеннің барлығын мерт ете берген. Жергілікті тұрғындар орманнан оның ақырған даусын естіген бойда жұмыстарын тастап, үйлерінен шықпай отыруға мәжбүр болған.
Ақыры, 1911 жылы Джим Корбетт есімді ағылшын аңшысы жолбарысты атып өлтірді. Жыртқыш Үндістанның Чампават қаласы маңында 16 жасар қызды мерт қылған. Бұл Джим Корбетке оның ізіне түсуге мүмкіндік берді. Ақыры өлтірген. Аңшы жыртқыштың оң жағындағы жоғарғы және астыңғы азу тістерінің сынық екенін байқаған. Демек, тістерінің жарамсыздығынан ол адамдарға шабуылдаған көрінеді. Себебі, жолбарыс мұндай жарамсыз тістерімен аңдарға шабуға шамасы келмейді.
Бүгінгі таңда Чампават қаласында жолбарыстың атылған жерін көрсетіп тұратын бетон тақта бар.
Айдар ӨРІСБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03