28 Шілде, 2016

Отардағы оқыс оқиға

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
????????????????????????????????????

«Гвардейск» әскери полигонында оқыс оқиға болды. Армия халықаралық ойындарына дайындалу бо­йын­ша жаттығу сабақтары кезінде Ангола командасында 120 мм мина атқыштың снаряды жарылып кеткен.

Соның салдарынан бір әс­кери қызметші ауыр, тағы бір­неше әскери қызметші жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендер Отар әскери базасының жекелеген медициналық жасағына жеткізілді. Алдын ала тергеу Ангола командасының 2Б11 мина атқышынан оқ ату ке­зінде қауіпсіздік шара­ларының бұзы­луына жол бергені және келіспей атыс бекінісі орнын ауыстырып, ордан шығып кеткені белгілі болды. Бұл өрескел тәртіп бұзушылық болып табылады. Одан басқа снарядтың жарылуының себебі, екі мәрте оқталуы болуы мүмкін.

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің бұйрығы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың басшылық етуімен комиссия құрылды. Ол жағдайды анықтау және кешенді тексеруді жүргізу үшін оқиға орнына ұшып барды.

Бұдан бұрын бас төреші – «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауының жетекшісі генерал-майор Лұт Әлшекенов 13 елдің командасына техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізгенін айта кету қажет. Аталған процедурадан кейін ғана команданың жарақ­тан­дырылған қатысушылары жат­тығуларға кірісе алды.

 «Егемен-ақпарат»