28 Шілде, 2016

Министр Дәурен Абаев басылым журналистерімен кездесті (фото)

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kezdesu 1 Астанадағы Қазмедиа орталығында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның өңірлердегі меншікті  тілшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында министр жалпы ақпарат саласындағы бәсекелестікті күшейтуге, газет тарату жүйесіне қатысты ойларымен бөлісіп, интернеттің дамуымен бірге газетке элиталық рөл жүктелетініне тоқталды. Сондай-ақ бас басылымның меншікті тілшілерін толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында Д.Абаев журналистерге шығармашылық табыс тіледі. "Егемен Қазақстан" тілшілері еліміздің негізгі телеарналары орналасқан Қазмедиа орталығының ғимаратын аралап, телебағдарламалар түсірілімі жүзеге асырылатын студиялардың жұмысымен танысты.   kezdesu 2 kezdesu 3 kezdesu 4 kezdesu 5   Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ Фото: Ерлан ОМАРОВ