Қарағандыдағы орталық саябақта татар және башқұрт халықтарының ұлттық мейрамы – Сабантой тойы өтті. Жұрт жауған жаңбырға қарамастан дәстүрлі мерекені соңына дейін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды.
Сабантойға Қазақстандағы Татарстан Республикасы өкілетті өкілінің орынбасары Ольга Ульданова қатысып, Татарстан президенті Рустам Миннихановтың құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ, Қазан қаласынан арнайы келген Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Бариева жиылған қауымның алдында ән шырқады.
«Біз 1994 жылдан бастап Қарағандыда Сабантой мерекесін өткізіп келеміз. Бұл мереке татар мен башқұрт халқының ғана емес, достықтың мерекесі. Биыл біз мерекені Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнадық. Егемендік алғаннан бергі жылдар аралығында біздің еліміз әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қатты дамыды. Қол жеткізген бұл табыстар қоғамдағы тұрақтылық пен ұлттар арасындағы келісімнің арқасында мүмкін болды», – деді шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Ихлас» татар-башқұрт қоғамдық орталығының төрағасы Анвар Керейбаев.
Сабантойдың ән мен жыр, бимен өткен ойын-сауығына қала тұрғындары мен қонақтары балаларымен келіп, арнайы ұйымдастырылған түрлі шараларға белсене қатысты.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше