Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатына тапшылық бар. Сырттан тасымалданғаннан кейін шығыны да көбейіп, қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиеді. Бірақ, бәрі бірдей болмаса да арынды өзен, бұлақтары бар өңірлерде осы өзекті мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндіктер бар.
Оңтүстік Қазақстан облысында гидроэнергетика саласын дамытуға және энергия тапшылығын төмендетуге бағытталған жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, Оңтүстік өзендерінің гидроэнергетикалық әлеуетін анықтау мақсатында гидроэнергетикалық өнеркәсіп сарапшыларының қатысуымен маркетингтік зерттеулер жүргізілген болатын.
Осы зерттеулердің нәтижесінде облыстағы жиырмаға жуық өзендердегі 43 әлеуетті нүктеден жалпы сыйымдылығы 119,84 мВт-ға жететін энергия көзі анықталған. Енді осы өзендерге гидроэлектростанса салу үшін қолайлы жерлер таңдалынып, жобаға инвестиция тарту көзделген еді. Түбінде қайтарымы мол жобаға инвесторлар табылған.
Жақында «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ пен түркиялық «Endustriel Elektrik Elektronik San. Ve Tic. Ltd» компаниясы арасында инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумға сәйкес, Түлкібас ауданындағы Машат өзені бойында жалпы қуаттылығы 4,2 мВт құрайтын шағын гидроэлектростанса құрылысын жүзеге асыру келісіміне қол қойылды. Алдын ала болжам бойынша жобаның құны 6,3 млн. долларға жетеді.
Қазіргі уақытта Түлкібас ауданы айына 15 мВт электр энергиясын тұтынып отыр. Жоба іске қосылған соң жаңа электр стансасы аудан қажеттілігінің үштен бірін қамтитын болады.
Сонымен қатар, «Баламалы энергия көздерін пайдалануды қолдау және есеп айырысу бойынша қаржылық орталығы» ЖШС-нің жобаның құрылысы аяқталғаннан кейін электр энергиясын ұзақ мерзімге сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Екі жаққа да пайдалы жоба екі тарапты да қанағаттандырып отыр. Мұндай тиімді жағдай Оңтүстік тәжірибесінде бар.
Биыл Шардара ГЭС-і күрделі жөндеуден өтіп, жаңа заманауи тағы бір қазандығын іске қосты. Тұрғындарға арзан электр қуатын беруге әзір.
Тау басынан құлаған арынды өзендері бар Түлкібас ауданында да халыққа арзан энергия көзін ұсынуға осындай тиімді жоба ұсынылды. Кезекте Сайрам-Өгем шатқалындағы Шарбақты сияқты ағысы жойқын өзендер бар.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Әлем кубогының екінші күні: Алты боксшымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 21:52
Жүргізушілерге ескерту: Жаңа камералар қойылатын жолдар белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 21:30
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 21:05
Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33