Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қашанда көмекке зәру. Бұл бағытта облыста жақсы жұмыстар жасалуда. Соның ең бастысы – оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған әлеуметтік үй облыс орталығының Кірпішті елді мекенінде салынатын болды. Оған «Сәби» қоғамдық қоры есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде. Әлеуметтік үйде 80 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттың түлектері тұратын болады. Оларға бөлек пәтерлер беріледі. Салынып жатқан әлеуметтік үйдегі бір пәтердің жалпы ауданы 40 шаршы метр.
Тұрғын үйге жақын маңда денсаулығында ақауы бар тұрғындарға жалақы алуға мүмкіндік беретін шағын цех құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнімдер шығаратын, аяқ киім жөндейтін цех, тігін цехы, ұстахана және жөндеу цехы, сонымен бірге, шаштараз бен массаж орталығы пайдалануға берілді. Әлеуметтік үйде сауықтыру құрал-жабдықтары, релаксация залдары болады.
– Біз балалар үйлері мен мамандандырылған мектеп-интернат түлектерінің тағдырын бақылауда ұстап, оларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек. Ең бастысы – жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету. Ол үшін барлық күшті салу қажет, – деп атап өтті өңір басшысы.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 70 орынға есептелген Жасөспірімдер үйі жұмыс істейді. Облыстық интернат мекемелерінің түлектері онда 23 жасқа дейін тұра алады. Ал әлеуметтік үйде 16-29 жас аралығындағы түлектер тұрады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше