Ирландиялық Райанэйр әуе қомпаниясы Португалия құрамасы мен Мадридтің «Реал» клубының даңқты шабуылшысы Криштиану Роналдудың құрметіне ұшақтарының бірін Райаналду деп атады.
Бұған дейін Португалияның Мадейра аймағындағы әуежайға да Криштиану Роналдудың есімі берілген болатын.
Үш мәрте «Алтын допты» иеленген атақты спортшы биыл ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатында жеңіске жеткені белгілі. Оған қоса, Криштиану Роналдудың клубы Чемпиондар лигасында топ жарып, өзі турнирдің үздік сұрмергені атанған-ды.
Әуежайға да, ұшаққа да есімі берілген спортшы қазір АҚШ-та демалып әрі жарақатынан емделіп жатқан көрінеді. Ол Еуропа чемпионатының финалында Франция құрамасының шабуылшысы Димитри Пайетпен соқтығысып, тізесін жарақаттап алған болатын.
Нұртөре САМАРҚАН

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше