11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XIII съезі өтеді. Қазірдің өзінде қонақтардың алғашқы легі келе бастады. Олардың қатарында Азиялық саяси партиялар халықаралық конфедерациясының төрағасы Хосе де Венесиа да бар. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин бұрнағы күні Хосе де Венесиамен кездесті.
Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы даму ырғағы оның мүшелер санының тұрақты өсуімен сипатталатын Азиядағы осы ірі беделді ұйымға төрағалық еткен болатын. Қазіргі таңда ұйымның құрамына әлемнің 52 елінен 318 саяси партия кіреді.
Нұрлан Нығматулин ел Президенті, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара және стратегиялық саясатының арқасында Қазақстан жыл сайын халықаралық аренадағы өз ұстанымын барынша күшейтіп отырғанына тоқталды.
Өз кезегінде Хосе де Венесиа ел Президентінің бастауымен толеранттылық, этносаралық татулық пен конфессияаралық келісім идеясын Қазақстанда ғана емес, бүкіл ЕҚЫҰ кеңестігінде таратудың маңызды рөлін атап өтті.