30 Шілде, 2016

Ресей ауыр атлетика құрамасы Олимпиададан толық шеттетілді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-07-16-biudjet

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ресейдің ауыр атлетика құрамасының толық құрамымен Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындарға жібермей қойды. Аталмыш ұйымның ресми сайты бұл туралы ақпарды 29 шілде күні жариялады. IWF бұл шешімді WADA-ның тәуелсіз комиссиясын басқарған заңгер Ричард Маклареннің баяндамасы негізінде қабылдаған. «IWF атқару комитеті Риодағы Ойындарға Ресей ауыр атлеттерінің қатысуы мәселесін мұқият зерттеді. Зерттеуге WADA-ның Ричард Макларен басқарған тәуелсіз комиссиясының баяндамасындағы материалдар енгізілді. Татьяна Каширина мен Анастасия Романованы Ресей олимпиялық комитеті бұдан бұрын қатардан шығарып тастаған еді. Маклареннің баяндамасында тағы 4 спортшының аты-жөндері айтылады», - делінген IWF хабарламасында. 27 шілде күні Ресей ауыр атлеттері Наталья Заболотнаяның, Светлана Царукаеваның, Александр Иванов пен Андрей Демановтың 2012 жылғы Олимпиадағы допинг-сынамаларының оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. 24 шілде күні Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) Ресей құрамасын түгелдей Рио-де-Жанейродағы Ойындарға қатысудан шеттетпеу жөнінде шешім қабылдады. Ол мұны жекелеген спорт түрлері бойынша нақтылы атлеттер мен командаларды Олимпиадаға жіберу-жібермеу мәселесін шешуді халықаралық федерациялардың еншісіне қалдырған болатын. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ