30 Шілде, 2016

Еревандағы қақтығыста жараланғандар 60 адамнан асты

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-07-16-yerevan 2

Армения астанасы – Ереван қаласында тағы да наразы жұрттың шерулері жүріп жатыр. Ол бұдан екі апта бұрын полиция полкін қарулы топтың басып алуынан бастау алды. «Интерфакс» ақпарынша,  қазір полиция мен наразылар қақтығыстары салдарынан зардап шеккендер саны 60 адамнан асып кетті. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Анаит Айтаянның айтуынша, «Сурб Григор Лусаворич» медициналық орталығына 42 зардап шегуші, соның ішінде ауыр жарақат алған 4 адам жеткізілген. «Эребуни» медициналық орталығына 12 адам түссе, олардың біреуі өлім хәлінде жатыр. Бұдан бұрын шерушілерді қуып тарату барысында екі полицейдің соққыға жығылып, бірнеше адамның жаралы болғандары хабарланған еді. Армения құқық қорғау органдарының қызметкерлері наразы топты 29 шілде, жұма күні кешке мұның алдында бүлікшілер басып алған полиция полкі ғимараты маңынан қуып шыққаны жеткізілген болатын. Сол сүргінде 50 адам қамауға алынды. Оқиғаның басы бұдан екі апта бұрын қарулы адамдардың Еревандағы Эребуни ауданында орналасқан полиция полкі ғимаратына басып кіргенінен кейін өріс алып кетті. Полицияға шабуыл жасаушылар 7 тәптіп сақшыны кепілге алды. Радикалдар оппозиционер Жирайр Сефилянды құлып астынан босатуды, президент Серж Саргсянның отставкаға кетуінталап етті. Мұрат АЙТҚОЖА