Ангела Меркель өз елінде болған террорлық шабуылдарды қатаң айыптағанымен, босқындарға қатысты саясатты өзгерту туралы ұсыныстарды қабылдамай тастады. Канцлер журналистер алдында сөйлеген сөзінде террористер Германияның «мұқтаж жандарды қабылдау» әзірлігіне ықпал еткісі келетінін атап өтті.
Алдағы қыркүйек айында Ресей мен Қытай даулы жер – Оңтүстік Қытай теңізінде әскери-теңіз күштерінің жаттығуын өткізбек. Бұл жаттығу Оңтүстік Қытай теңізі аймағының аумақтық мәртебесіне қатысты дау күшейген тұста өтейін деп отыр.
Түркия билігі жүзден астам жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жабылатынын жариялады. Олардың үшеуі ақпарат агенттігі, он алтысы телеарна, отызы баспахана, қырықтан астамы басылымдар.
Ауғанстан кеше Дүниежүзілік сауда ұйымына ресми түрде мүшелікке кіріп, ұйымның 164-інші мүшесі атанды. Ережелерге сәйкес, Ауғанстанның ДСҰ-ға кіруі туралы шешім жұма күні автоматты түрде күшіне енді.
Рим папасы Франциск Польшада месса өткізетін мінбеге бара жатқан кезде кенеттен құлап қалды. Діни қызметкерлер дереу көмек көрсеткеннен кейін ол жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Нигериядағы «Боко харам» террористік тобының содырлары соңғы жарты жылда 50 жасөспірімді терроршы-жанкештіге «тәрбиелеп» шығарған. БҰҰ Бас хатшысының қоғамдық мәселелер бойынша орынбасары С.О’Брайеннің мәлімдеуінше, осы жасөспірімдер Африканың төрт елінде террорлық актілер жасаған.
Сирия армиясы көтерілісшілердің бақылауындағы Алеппо қаласына басып кіруге дайындалуда. Осыған байланысты олар тұрғындарға қаладан қалай шығудың тәртібі көрсетілген парақшаларды әуеден тастап жатыр.
АҚШ президенті Барак Обама Демократиялық партияның съезінде сөйлеген сөзінде Хиллари Клинтон Құрама Штаттар тарихында ең жақсы президент болады деп мәлімдеді.
Непалда тау ішіндегі жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы 100 метрлік құзға құлады. Салдарынан 15 адам мерт болып, 35 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Интернет материалдары негізінде әзірленді

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10