30 Шілде, 2016

ӘР АЛУАН ӘЛЕМ

401 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
29-07-16-mnogodetnye Отбасына он тоғызыншы перзент келді Ұлыбритания ғана емес, әлемнің кез келген еліндегі отбасы үшін 19 бала туып, тәрбиелеу – өте сирек кездесетін құбылыс. Сондай оқиға Англияда тұратын ерлі-зайыптылар Ноэль және Сью Рэдфордтардың отбасында болды. Жасы қазір 41-дегі Сью ең алғашқы баласын 14 жасында дүниеге әкелген екен. Оның тұңғышы бүгінде 27-ге толған. Ал үлкен қыздары Софи 22 жасында үш балалы болып үлгеріп отыр. Олар қазір жиырмасыншы перзенттің болу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Иранда велосипед мінген әйел қамалады Иранда рұқсат етілмеген жерде велосипед айдап жүрген қыз-келіншектер бірден қамауға алынатын болды. Парсы елі Меривана қаласының солтүстік-батыс жағында осылайша бірнеше нәзік жынысты темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Полиция өкілінің мәлімдеуінше, үкімет әйелдердің қоғамдық орындарда велосипед тебулеріне үзілді-кесілді тыйым салған. Енді парсы ханымдары тек өздері үшін белгіленген жерлерде ғана «шайтан арбаны» зырлата алады. 29-07-16-volk Ұлына «Қасқыр» деген ат беру қиындыққа айналды Испанияның Фуэнлабрада қаласында тұратын ерлі-зайыпты Игнасио мен Мария бұдан бірнеше ай бұрын туған ұлдарына әлі өздері ойлаған есімді бере алмай отыр. Бұған олардың балаға испан тілінен аударғанда, «қасқыр» деген мағына беретін «Лобо» атауын бергісі келгендері себеп болған. Жергілікті билік бұған рұқсат бермей қойған. Енді алған беттерінен қайтпаған жұбайлар қол жинауға кірісіпті. Егер олар өздерін қолдаған дауыс жинай алса, осы есімді ұлдарына бере алады екен. Ғалымдар лас судан ауыз су дайындайды АҚШ-тың Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінде қызмет ететін үнді ғалымдары өте қатты ластанып кеткен судың өзін таза ауыз суға айналдырудың тәсілін ойлап тапты. Оқымыстылар жамағатының анықтаулары бойынша бұған күн, ауа және графен оксиді тәрізді үш фактор ғана керек. Олар графеннің негізінде күн сәулесінің көмегімен әрекет ететін ерекше сүзгі жасап шығарған. Ал көміртегінің, сутегі мен оттегінің қоспасы болып табылатын графеннен алынған сүзгінің әсерінен судың құрамы тез өзгере бастайтын көрінеді. skype-1000x774 Смартфон арқылы некелесті Италияның Жоғарғы соты алғаш рет смартфонның көмегімен скайп арқылы үйленген пәкістандық жігіт пен италиялық қалыңдықтың некелерін заңды деп танып отыр. Қалыңдық пен жігіт өз елдерінде бірін-бірі тек скайп арқылы көріп тұрып, барлық рәсімдерді онлайн-режімде орындаған. Алайда, көп кешікпей Италияның ішкі істер министрлігі сотқа аталған некені заңсыз деп тану жөнінде шағым жолдаған. Судья екі жастың бір-бірімен ерікті түрде үйленгенін ескеру керек екенін алға тартып некені бұзудан бас тартқан. Сонымен қатар, сот тиісті заңнамалар шаңырақ көтеруші жастардың бір-бірімен бетпе-бет кездесуін талап етпейтінін ескерген. Англияда аралардың да өз отелі бар Ұлыбританияда селолық елді мекендерде жүріп жатқан өзгерістер салдарынан құрып кетудің алдында тұрған араларды сақтап қалу үшін оларға арналған отельдер дайындалды. Мұның архитектурасын жергілікті компанияның тапсырысы бойынша Тейлор Харрогейт есімді маман жасады. Ол дайындаған отельді дала ғана емес, қалаға да орнатып қоюға болады. Сонымен бірге, қазір араның қалалық жерлердегі үлес салмағы көп екені де анықталды. 29-07-16-pliaj_sobaki Барселонада иттер үшін жағажай салынды Испанияның Барселона қаласының билігі бірнеше жылғы жоспарлау мен құрылыс жұмыстарынан кейін ақыры иттерге арналған жағажай салып берді. Қаланың жергілікті құмдауытты жаға­жайының алыс түкпірінде пайда болған мекен арнайы қабырғамен қоршалған. Онда жұрт иттерін алып келіп қыдыртып, суға шомылдыра алады. Мемлекеттік құрылымдардың бұл үшін бөлген аумағы 1 250 шаршы метр жерді құрайды. Территория, сондай-ақ, қазіргі заманғы иттер писсуарларымен, субұрқақтармен және душтармен жабдықталған. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды