«Күні бойы қозғалмастан бір орында отырып, жұмыс атқаратын жандар шамамен 60-75 минуттай бірқалыпты физикалық жаттығумен шұғылдануы керек». Норвегия мен Австралияның, сондай-ақ, АҚШ-тың медицина саласының мамандары, міне, осындай қорытындыға келді. Олардың зерттеу қорытындысы Lancet журналында жарияланды. Оқырмандар бұл туралы Кембридж университетінің сайтынан да көре алады.
Мамандар «Бірқалыпты физикалық жаттығумен шұғылдану» дегенде, «сағатына 4,8 шақырымнан кем болмайтындай жаяу жүру немесе сағатына 16 шақырымнан кем болмайтындай велосипедпен жүру» секілді бірқатар ережелерді сақтау қажеттігін меңзеген.
Ғалымдар бұл жөнінде: «60-75 минут бойы жаттығу жасау, әсіресе, әр күн сайын үстел басында 8 сағаттай отырып, тапжылмастан жұмыс істейтін азаматтар үшін пайдалы болар еді» дегенді айтады. Олар денені шынықтыру мақсатындағы мұндай жаттығулар тиімдірек болу үшін шынығу уақытын уақыт бойынша белгілеу де артық етпейтініне тоқталған.
Сонымен қатар, медицина мамандары офис қызметкерлерінің денсаулығына әсер ететін формуланы да әзірлеп шығарған. Оған сәйкес, әр адам әрбір 20 минут сайын шамамен 8 минутқа орнынан тұрып, одан кейін 2 минут бойы жаяу жүру керек екен.
Швед ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері де осы қорытындының дұрыстығын дәлелдей түседі. Олардың ойынша, өмірден ерте өтудің негізгі себебі, темекі және төмен деңгейдегі физикалық белсенділік екен.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25