Қытайлардың бойы 10 жылда бір сантиметрге өседі екен. China Daily газетінің хабарлауынша, соңғы бір ғасырда оларда 10 сантиметрге өсім болған. Мұндай деректі басылым 1896 және 1996 жылдар аралығында жүргізілген статистикалық есептен алыпты.
«Зерттеудің бас кезінде Қытайдағы ерлердің бойы шамамен 160 см, ал әйелдердің бойы 150 см болған екен. Ал қазір ерлердің бойы 171,8 см, әйелдердің бойы 160 сантиметрге жетіпті», деп хабарлайды China Daily газеті.
Ғалымдар пікірінше, басқа халықтарда қытайлар сияқты бойының өсіп, салмағының артуы байқалмаған. Ал ханзулардың дене тұрпатының өзгеруінің себебі, ас мәзіріне сүт және сүт өнімдерін пайдалануға байланысты, дейді ғалымдар. Өйткені, бұл өнімдер сүйектің өсуі мен қатаюына әсер етеді екен. Сонымен бірге, олар қытай халқының толысуына соңғы бір ғасырда газдалған сусындар мен фастфудтың әсері болуы мүмкін дегенді айтады. «Қытайлардың жер жүзіндегі барлық жеміс-жидек, жан-жануарлар мен жәндіктерді жейтінін білеміз. Олар алдына не келсе, соның бәрін жей береді. Ханзулардың бойының өсіп, салмағының артуын осымен байланыстыруға болады», дейді ғалымдар. Ал жылқы мінезді, тамақты талғаммен жейтін қазақтар туралы мұндай зерттеулер жүргізілмеген. Не болса да халқымыздың денсаулығына қоршаған ортаның әсері көп болатыны белгілі.
Қазір дүние жүзінде қытайлардың саны да жыл өткен сайын көбейіп келе жатыр. Бұл – бұрыннан бері келе жатқан үрдіс. Олар ерте заманнан бері көбейіп келеді. Оған ең алдымен Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің әсері болған. Янцзы – Еуразиядағы, Хуанхэ Азия құрлығындағы ең ірі өзен. Бұл өзендер бұрыннан бері жылына екі рет егін береді. Сол себепті оның айналасында ауыл шаруашылығы ерте кезден игеріле бастаған. Басқа елдерде жаугершілік заман болып жатқанда, еті тірі, шаруақор қытай халқы осы өзендердің арқасында көбейе берген. Қолда бар деректерге қарағанда, қазір Қытай халқы 1 339 450 000 адамға жеткен.
Дастан КЕНЖАЛИН
«Егемен Қазақстан»

Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды
Кәсіпкер • Бүгін, 13:10
Ағайынды Оралбайлар Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 13:01
Елорда тұрғыны отбасылық жағдайын сылтауратып, ақша жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 12:55
Мал шаруашылығындағы реформа: Мәселелер мен дамудың басым бағыттары
Шаруашылық • Бүгін, 12:47
«Ұмай» мен «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады: Бастапқы жарна қанша?
Ипотека • Бүгін, 12:32
Конго-Қырым қызбасы: Қауіпті вирустан қалай қорғануға болады?
Медицина • Бүгін, 12:24
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30