Фото: inform.kz[/caption]
Түркия билігі Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің бәрін шұғыл түрде жабуды талап етіп жатыр.
«Қазақстандық мыңдаған мектеп оқушысына, бәлкім, енді жаңа оқу орындарын іздеуге тура келетін шығар – елдегі қазақ-түрік лицейлерінің жабылып қалулары мүмкін», деп хабарлады осыған орай КТК телеарнасы.
Телеарна тілшісі мәлім еткендей, ресми Анкара білім беру мекемелерін Түркияда мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырды деген айып тағылып отырған белгілі ислам уағызшысы Феткуллах Гюленнің қаржыландырып, қолдау көрсетіп отырғанын алға тартады. Анкараның пікірінше, қазір АҚШ-та тұрып жатқан уағызшы Гюлен осындай білім беру мекемелері бар елдерде өзіне ымырагершілікпен қарайтын элитаны дайындап жатыр.
Түркияның Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Невзат Уянык осыған орай Қазақстан Үкіметіне аталған оқу орындарына қатысты шұғыл шаралар қабылдауды ұсынды. Ол қазақ-түрік лицейлерінің Түркия билігіне ешқандай қатысты жоқ екенін айтты. Елші арнайы шақырған баспасөз мәслихатында іс жүзінде осы лицейлердің бәрін жабуды ұсыныс етіп жеткізді.
«Түркия мемлекетінің, үкіметінің қолдауымен жалғыз ғана оқу орны жұмыс жасап келеді. Ол – Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Ал Қазақстан территориясындағы «қазақ-түрік мектебі» немесе «қазақ-түрік лицейі» деген атаулармен жұмыс жасап жатқан қалған оқу орындарының біздің мемлекеттік органдарға ешқандай қатыстары жоқ. Біз бұдан өз елімізде қауіп көрдік, енді мұны достас елдерге де ескерту – біздің міндетіміз», - деді Невзат Уянык.
Телеарна хабарлағандай, осыдан кейін Білім және ғылым министрлігінде арнайы кеңес өткен. Түрік елшісінің мәлімдемесінен соң қазақ-түрік лицейлерінің жұмыстарын бақылап отырған халықаралық KATEV қорының басшылары шақырылған. Министрлікте бұл оқу орындарының тағдырын аптаның соңына дейін түбегейлі шешіп беруге уәде етілді.
Талғат РАЙЫМБЕК

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10