12 Ақпан, 2011

Маршрутта мүгедектер автобустары

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10 ақпаннан бастап «Шанс» мейірімділік орталығы­ның ұйытқы болуымен Көкшетау қаласында мүгедектерге арналған шағын автобус арнайы маршруты ашылды. Ақмола облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Василий Шиманскийдің айтуынша, осы мақсатқа Алматыдағы республикалық «Сәби» қайырымдылық қоры 80 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп, барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған германдық «Фольксваген-Транспортер» шағын автобустары сатып алынды. Ендігі күні ол облыс орталығындағы – 95, сонымен бірге, аймақтағы 640 мүгедек жанға қызмет көрсететін болады. Қазірдің өзінде автобустың аурухана, банк жүйесі, әлеуметтік қамту, коммуналдық қызмет орындарына жеткізу бағыттары, қозғалыс кестесі, алдын ала телефонмен тапсырыс беру қызметі жұмыс істей бастады. Алдағы кезде автобустар саны мен қызмет ауқымын кеңіту бағытын­дағы ұйымдық-қаржылық мәселелер шешімін таппақ. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.