03 Тамыз, 2016

Құртақандай құтқарушы

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кыз.jpg- Тоғыз жастағы жұдырықтай қыздың батылдығына таң қалмасқа шараң жоқ! Былтыр ол өзіне төнген қауіпке қарамастан, автокөліктің астына түсе жаздаған баланы құтқарып қалған болатын. Ал биыл... Биыл қарағандылық Анас­тасия Пхенда тағы да батыл­дығымен көзге түсті. Оқиға былай болған еді. Бес жастағы Руслана деген қыз бала ойнап жүріп, су толы терең орға құлап кетеді. Мұны байқап қалған Анастасия суға батып бара жат­қан қыздың қолынан ұстап алып, жағаға тартып шығарған. «Ор өте терең болды. Мен жүгіріп барғанда Руслананың қолы ғана көрініп жатты. Қорыққанымды ұмытып, қолы­нан тарта бердім», дейді өжет қыз. Ажалдың аранынан бала­қайды құтқарып қалған батыл қызды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы Алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады. Настя Пхенда өскенде құт­қарушы болғысы келеді екен. Төтенше жағдайлар депар­тамен­тіндегілер кезі кел­генде мұндай батыл да өжет бала­қайларды өз қатар­ларына бірінші кезекте қабыл­дайтын­дарын айтты. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ