05 Тамыз, 2016

Сәнді киім – көңіл салтанаты

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05.08.16-sech Мектеп бітірушілер балы жас­өспірімдер үшін естен кетпес елеулі оқиға екендігі белгілі. Олар­дың барлығы өмірде бір ке­лер салтанатқа айрықша да­йын­дала­ды. Әйткенмен, бұған мүмкін­дігі болмай, арманы мен тілегін қиял кеңістігіне бүгіп қоятындар да баршылық. Осындайда, арамызда аталған мәселеге түсіністікпен қарап, жүрек жылуын шашып жүрген жандардың барлығына «мың шүкір» дегің келеді. Атбасар ауданында мұндай бастаманы «Нұр Отанның» «Бақытты балалық» партия­лық жобасы аясында Кәмила Омарова көтеріп отыр. Партия белсендісі биылғы жыл басынан бері сәнді көйлектер тігіп, салтанатты костюмдерді жинаған екен. Ол жетім балалар мен мүм­кіндігі шектеулі отбасылар тәр­бие­сіндегі түлектер тізімін білім орда­ларының директорларымен алдын ала келісіп жасаған. – Қазірдің өзінде қыздар көй­легінің 30 данасы дайындалды, – дейді Кәмила Омарова. Оларға киімді бойларына шақтап жасандыру шеберханамызда атқары­ла­ды. Сондай-ақ, шаштаразымыз қызу жұмысқа кірісетін болады. Опа-далап мәселесі де шешімін тапқан. Қысқасы, қыздарымыз өздерін нағыз ару сезінетіндей жағдай жасаймыз. Жасөспірім бекзадаларымыз да заманауи сәнді костюмдерімен салтанат рухын көтере түспек. Осы бір шырайлы шараны жыл сайынғы дәстүрге айналдырсақ деген ойдамыз. Кәмиланың бұл қызметі биыл­­ғы мектеп бітірушілер то­йын­да лайықты бағасын алды. Ол мұн­дай шараны келесі жылы тағы жалғастырмақ. Бақберген Амалбек, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы