Ағымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер оқудың ақысын төлеуде қаржы жағынан қиналған жағдайда Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-тың (бұдан әрі – Қаржы орталығы) кепілдігімен несие ресімдей алады.
Қаржы орталығының кепілдігімен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу үлгісіндегі студенттеріне де беріледі.
Қазіргі таңда білім беру кредиттері Қаржы орталығымен серіктес банктерде әртүрлі шарттармен ұсынылады. Бағдарламаның қолданылу ауқымы кең, серіктес банктер республиканың барлық аймақтарында жұмыс жасайды. Кредиттің берілу тетігі бірдей: қарыз алушы банкке барып кеңес алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады.
Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орнының есепшотына аударылады. Алайда, Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушының болуы талап етіледі. Бұл жерде қосалқы қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алатын табысы ескеріледі.
Кредиттің сомасына шектеу қойылмайды, бастысы – барлық оқу кезеңі үшін оқу құнынан аспаса болғаны.
Ерекше атап өтерлігі, бұл бағдарламада жеңілдік кезеңі беріледі, яғни оқу кезеңі мен оқуды бітіргеннен кейін кредитті төлеу мерзімі 6 айға кейінге шегеріледі. Кредитті кез келген уақытта мерзімінен бұрын өтеуге болады, ол үшін айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы осындай балама мүмкіндік бере отырып, соның арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады.
«Егемен-ақпарат»

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55