Құқық қорғау қызметкерлері көлікті заңсыз иемденіп, белгілі бір бағытта қозғалып бара жатқан азаматты тоқтатқан.
Сот істегі барлық дәлелдерді саралай келе азаматты кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Осы мерзім ішінде пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағаттан, күніне 4 сағаттан аспайтын қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбекке тарту міндеті жүктелді.