Фото: istockphoto.com
Министрдің мәлімдемесі елде жанармай бағасының күрт өсуі және Украина ұшқышсыз ұшу аппараттарының Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін, ресейлік жеткізімдерде қиындық туындағаны айтылды.
«Өндіріс пен логистика саласында, өңірлік әрі жаһандық деңгейде белгілі бір қиындықтар бар. Соған қарамастан біз күн сайын серіктестерімізбен, соның ішінде Ресеймен де байланыста жұмыс істеп келеміз. Үкіметаралық келісім негізінде Ресейден Тәжікстанға мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттау жалғасуда. Дегенмен белгілі бір қиындықтар әлі де сақталып отыр», деді Далер Жұма.
Министрдің айтуынша, Душанбе тек Ресеймен ғана емес, мұнай өнімдерін жеткізетін өзге мемлекеттермен де жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта билік Қазақстан, Түрікменстан, Иран, Ирак және Беларусьпен ынтымақтастықты дамытып, ел экономикасын қажетті көлемдегі жанармаймен қамтамасыз етуге күш салып жатыр.
Тәжікстан мұнай өнімдері бойынша Ресей импортына дерлік толық тәуелді. Соңғы апталарда Ресейдегі бірнеше мұнай өңдеу зауыты, соның ішінде Омбы мұнай өңдеу зауыты Украина дрондарының шабуылына ұшырап, Ресей нарығында жанармай жеткізу тізбегінде іркілістер туындады.
Украина дрондарының соққысынан кейін Саратов МӨЗ-і толықтай істен шықты
Осы жағдай аясында Тәжікстанда соңғы бір айда жанармай бағасы айтарлықтай өсті. Ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды дизель отынының бағасы литріне 16 сомониге (шамамен 1,7 АҚШ доллары) жетті. Сонымен қатар бензин мен сұйытылған газ да қымбаттады.
БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметінше, Тәжікстанда соңғы бір аптада бензин мен дизель отынының орташа бағасы алдыңғы аптамен салыстырғанда 9-18 пайызға өскен.
Экспортқа тыйым, импортқа рұқсат: Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
Энергетика және су ресурстары министрлігінің дерегіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Тәжікстан 922 мың тонна мұнай өнімін импорттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114 мың тоннаға немесе 11 пайызға көп.