Өтінімді рәсімдеу үшін жеке кабинетке аттестаттың немесе дипломның цифрлық көшірмесін, 3х4 форматындағы фотосуретті, сондай-ақ ұшу мамандықтарына түсушілер үшін медициналық қорытындыны жүктеу қажет. Сонымен қатар портал арқылы әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін ерекше мәртебені растауға да мүмкіндік қарастырылған.
Жүйеге түсетін жүктемені азайту мақсатында электрондық кезек пен 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберу қызметі енгізілді. Бұл талапкерлерге өтінім беру уақытының жақындағаны туралы алдын ала ескерту жасайды.
Гранттар конкурсының нәтижелері мен грант тағайындалғаны туралы электрондық куәліктер талапкерлердің жеке кабинеттерінде 10 тамыздан кешіктірілмей қолжетімді болады.