Оқиға •

Алматыда ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алған

1 мин
оқу үшін

Алматыдағы дәмханалардың бірінде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды. Жарақаттанған 45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алған

Полицияның мәліметінше, оқиға бұрыннан таныс адамдар арасында кенеттен туындаған сөзталас кезінде болған.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні жедел іздестіру барысында қолға түсірді. Ол – 32 жастағы ер адам. Қылмыс құралы болуы мүмкін зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Павлодар қаласында бір топ жасөспірім зират аумағына заңсыз кіріп, күзетшіге пышақпен шабуыл жасаған. Зардап шеккен азамат 1963 жылы туған.

Бұған дейін Ақтаудағы дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан ер адам бет тұсынан оқ жарақатын алғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар