Үш минут ішінде оқиға орнына патрульдік полиция взводының қызметкерлері Дамир Нұртасов пен Арман Блялов жетті.
Полицейлер сегізінші қабатқа көтерілген кезде балкон сыртында тұрған ер адамды байқап, дереу онымен байланыс орнатуға кірісті. Сақшылар сабырлы түрде сөйлесіп, оның назарын аударып, сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысты.
Үш күн ішінде полицияға 2400-ден астам жасөспірім жеткізілген
Әңгіме барысында ер адамның мұндай қадамға баруына жұбайымен болған жанжал себеп болғаны анықталды. Бір полицей әңгімелесуді жалғастырып жатқан сәтте, екінші қызметкер қауіпсіздік шарасын қолданып, ер адамды балконның ішкі жағына қарай тартып алды.
Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Құтқарылған азамат медициналық қызметкерлерге тапсырылып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
Атыраулық жылдар бойы үйінде сақталған Winchester 1895 қаруын полицияға тапсырды
Адам өмірін сақтау - полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Осындай қиын сәтте жедел шешім қабылдап, дұрыс әрекет етіп, полицейлер тағы бір азаматтың өмірін сақтап қалды.