06 Тамыз, 2016

ӘР АЛУАН ӘЛЕМ

300 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
алем-1Француз қаласын шарап тасқыны басып қалды Францияның түстігіндегі Эро де­партаменті жерінде орналасқан Сета қаласының көшелерін бір мезгілде лекілдей аққан шарап тасқыны басты да қалды. Тамыздың 3-і күні орын алған бұл оқиғаны полицейлер жергілікті шарап өндірушінің наразылықпен жасаған бүлігі деп бағалап отыр. Себебі, содан бірнеше күн бұрын шарап ісі жөніндегі аймақтық комитет бірнеше шарап өндірушіге испан шарабын әкеліп, баға демпингін жасады деген айып таққан екен. Осыдан кейін шарапшылардың көшені бірнеше мың литрлік шарап топанына толтырып жіберу оқиғасы бірнеше рет орын алыпты. Көлік тізгінінде иттер отыр. Абайлаңыз! АҚШ-тың Уэйн қаласындағы екі төбеттің әрекеті заматында күллі әлемге әйгілі болып кетті. Олар көшеде тұрған автомобильді жанындағы супермаркеттің ішіне кіргізіп жіберген. Бұл иттерді бір әйел өзінің жол бойына қойған автомобилінің ішінде қалдырып кетеді. Алайда, иесі кеткен соң өзді-өзі қалған төбеттер машинаның алдыңғы орындығына отырмақ болып таласып жатып, оның қол тежегішіне тиіп кетеді. Сол-ақ екен биік жерде тұрған көлік тоқтамастан қатты келіп, магазиннің сыртқы терезесінен ұрып, ішке қойып кетеді. Бір жақсы жері, ондағы адамдар да, иттер де ешқандай зардап шекпепті. 05-08-16-Sasha-Obama-1Барак Обаманың кіші қызы өз бетінше табыс таппақшы АҚШ президенті Барак Обаманың кіші қызы – 15 жасар Саша жазғы каникул күндері өз бетінше табыс таппақшы болып жұмысқа орналасты. Ол қазір балық сататын дүкеннің касса аппаратында жұмыс жасап, экспресс-терезеден тағамдарды беріп тұрады. Бірақ, президенттің фастфуд сатып жүрген қызын осында бір мезгілде алты бірдей оққағар жан-жақтан қорғап жүреді. Айды енді жеке адамдар да зерттей бастайды АҚШ үкіметі жеке адамдардың Айды өз беттерінше зерттеулеріне рұқсат берді. Енді мұндай алғашқы сапардың 2017 жылы жүзеге асырылатын түрі бар. Осының нәтижесінде Moon Express компаниясы тоғыз килолық ғылыми аппаратура мен жылжымалы модульді және телескопты аттандырғалы отыр. Мемлекеттік емес сипаттағы бұл вояждың басы 2007 жылы Google компаниясы жариялаған конкурстан басталған еді. Оның бас жүлдесін 2010 жылы Moon Express ұтып алып, 20 млн. доллар сыйлыққа ие болған.  Осыған байланысты компания алдағы жылы Айға лунаход аттандырғалы отыр. алем-2Шекарашылар үшемдерді бір-бірінен ажырата алмады Таиландқа демалып қайтуға бару үшін ұшаққа отыруға келген ата-аналар алдынан күтпеген кедергі кездесті. Шекарашылар олардың бірге туған үшем ұлдарының суреттерін бір-бірлерінен ажырата алмай, ақыры біреуін ғана шекара шегінен өткізуге шешім қабылдады. Сөйтіп, мәскеулік ерлі-зайыпты Панченколар үшемнің біреуін ғана алып, Бангкокқа аттанып кетті. Ал қалған екі баланы апару үшін елдегі ата-әжелері шұғыл құжат дайындауға кірісіп кетіпті. Түрмеде жатып тапқанын балалар үйіне берген Моңғолияда №429 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Артаг Төмөрбаатар есімді сотталушы өзінің айлық жалақыларын балаларға беруге шешім қабылдады. Ол мемлекетке келтірген шығынын өтеу үшін түзету колониясында сыпырушы болып жұмыс істейді екен. Бірақ ол бұдан алатын ақшасының аздығына қарамастан, төлемнен қалғандарын түгел балалар үйіне аударып тұратын болды. «Мен 2013 жылдың 24 қарашасынан бері жазамды өтеп жатырмын. Осы уақытта 110 мың тугрик ақша жинадым. Енді соны нәрестелерді емдеу үшін балалар үйіне аударуды сұраймын», деп жазды ол осыған орай. алем-3Австралиялық әйел 63 жасында сәбилі болды Австралияның Тасмания аралында тұратын, аты-жөнін атамауды өтінген бір әйел 63 жасында өзінің бірінші перзентін дүниеге келтірді. Осыншама жасқа келіп «жас ана» атанып отырған әйелдің шаранасы 34 апталығында ішті жару жолымен алыныпты. Ол осы кезге дейін бала көтере алмай келіпті. Ақырында донорлық эмбрион тәсілімен екіқабат болған. Әйел жөнінде аса көп дерек айтылмайды. Тек оның күйеуі 78 жаста екені ғана белгілі. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды