06 Тамыз, 2016

Рио-2016 ашылу ұраны: табиғат, әртектілік, қуаныш (фото, видео)

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-08-16-rio-1

Бүгін таң алдында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында XXXI жазғы Олимпиялық ойындардың ашылу салтанаты болып өтті. Ол ұйымдастырушылардың ойлары бойынша, табиғат, әртектілік, қуаныш деген ұранды бейнелеп берді. 1950 жылы салынған «Маракана» стадионы аренасымен 207 мемлекеттің 12 мыңға жуық спортшысы жүріп өтті. Оның сапында Қазақстан спорт делегациясы да болды. Бразилия президенті міндетін уақытша атқарушы Мишел Темер Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиялық ойындарды ашық деп жариялады. «XXXI Олимпиялық ойындар ашық деп жарияланады», - деді Темер салтанатта. Ал олимпиялық алауды бұған дейін аты аңызға айналған футболшы Пеле жағады деп күтілген еді. Дәрігерлер де оған бұл шараны атқаруға рұқсат берді. Бірақ 75 жастағы спортшы денсаулық жағдайына байланысты өзі бас тартты. Осының нәтижесінде рәсімге санаулы уақыттар қалғанда, оны 2004 жылғы Афина Олимпиялық ойындарының қола жүлдегері, марафоншы Вандерлей Кордейрудың жасайтыны белгілі болды. Сөйтіп, Ойындар басталды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

06-08-16-rio-2

06-08-16-rio-3

06-08-16-rio-4

06-08-16-rio-5

06-08-16-rio-6

06-08-16-rio-7

06-08-16-rio-8

06-08-16-rio-9

06-08-16-rio-10

06-08-16-rio-11

06-08-16-rio-12

06-08-16-rio-13

06-08-16-rio-14

06-08-16-rio-15