06 Тамыз, 2016

Грант иелерінің тізімі алдағы аптада жарияланады

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-08-16-ENT-1

Биыл Ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсырған түлектерге берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысының қорытындысын шығарып, грант иелерін анықтады. Еліміздің барлық өңірлерінде тұратын тұрғындар қазіргі күндері асыға күтіп отырған осы білім гранттары иелерінің тізімдері газетіміздің алдағы аптадағы нөмірлерінің бірінде жарияланады. Тізім алдымен сол күні түнде сағат 00:05-те газеттің сайтына (egemen.kz) орналастырылады. Оқырмандар тізіммен сол сәттен бастап таныса алады. «Егемен-ақпарат»