07 Тамыз, 2016

Америкалық спортшы Олимпиаданың алғашқы чемпионы атанды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54944" align="aligncenter" width="700"]Rio Olympics Shooting Women Rio Olympics Shooting Women[/caption] Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың алғашқы чемпионы белгілі болды. Бұл туралы «Егемен Қазақстанның» арнаулы тілшісі Бақтияр Тайжан хабарлады. Бүгін пневматикалық мылтықпен оқ атудан АҚШ-тың спортшысы Вирджиния Трэшер 10 метрден нысананы дәл көздеді.  Америкалық спортшы 200 балл жинады. Екінші орынды қытайлық Ду Ли (207), үшінші орынды оның отандасы И Сылин (185,4) иеленді. Жарыста күміс жүлдегер атанған Ду Ли екі рет 2004 және 2008 жылдары Олимпиаданы жеңіп алса, қола жүлдегер И Сылин 2012 жылы құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген еді. Ал Вирджиния Трэшер бұған дейін ешқашан үлкен жарыстарға қатысып көрмеген. Сөйтіп, ол 19 жасында Қытайдың ең мықты спортшыларын артта қалдырып, алғаш рет Олимпиада чемпионы атанды. Дастан КЕНЖАЛИН