09 Тамыз, 2016

Риода тағы бір боксшы қыз зорламақ болып ұсталды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-08-16-djonas

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындар кезінде тағы бір боксшы қыз зорлауға әрекет жасаймын деп, қолға түсіп қалды. Бұл жолы Намибия құрамасының мүшесі Джуниус Джонас олимпиялық қалашықта үй сыпырушы қызға қырғидай тиген көрінеді. Al Jazeera газетінің хабарлауынша, осындай қылмысқа ұрынғаны үшін қамауға алынған 22 жастағы боксшы Ойындардың ашылу салтанатына арналған шеруде өз елінің туын көтеріп шыққан екен. Джонас осы Олимпиялық ойындарда қыз зорлауға әрекет еткен екінші былғары қолғап шебері болып отыр. Бұған дейін марокколық Хассан Саада осындай жағдайда құлып астына алынған болатын. Енді Джонас та Бангу түрмесіне жөнелтілгелі жатыр. Мұрат АЙТҚОЖА