09 Тамыз, 2016

Рио-2016: Дзюдошы Дидар Хамза турнирден шығып қалды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-08-16-hamza-1

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда 73 килоға дейінгі салмақта татамиге шыққан қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза екінші белдесуінде Еуропаның биылғы чемпионы, әзербайжан Рустам Оруджевтен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Біздің палуан бірінші айналымда Гамбия спортшысы Файе Нжиені ұстап тұрғаны үшін алған ұпайларының есебінен жеңген болатын. Ал екінші жекпе-жекте жарысқа осы кезеңнен қосылған әзербайжан атлетінен аса алмады. Мұнда Дидар – үш рет, ал Рустам екі рет төреші тарапынан ескерту алды. Оруджев бір ескертуінің кемдігі үшін ғана жеңіске ие болды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ