09 Тамыз, 2016

Рио-2016: Боксшы Біржан Жақыпов ширек финалға шықты

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

біржан 2

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардағы бокс турнирінің 1/8 финалында 49 кг салмақтағы қазақстандық Біржан Жақыпов намибиялық Матиас Хамуниеламен кездесіп, 3:0 есебімен ұтты. Шайқас тартысты өтті. Бірақ оның әрбір раундында әлем чемпионы, тәжірибелі Біржанның басымдылығы айқын білініп тұрды. Мұның алдында әзербайжан Руфат Гусейновті жарыс жолынан шығарып тастаған африкалық боксшы қара қабылан секілді қаншама рет атыла шабуылға шыққанымен, соққылары дөп тимей жатты. Мұның есесіне, қазақстандық былғары қолғап шеберінің дәлдегені жетумен болды. Енді Біржан Жақыпов осының алдында мексикалық Йоселито Веласкуесті 3:0 етіп ұтқан өзінің ежелгі қарсыласы, өзбек Хасанбой Дусматовпен ұшырасады. Онда жеңген боксшы медальдің ауылына енеді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ