Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, білім беру салаларының құрылысына бағытталған қаржылай қаражатты уақытылы игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарының құрылысына 57 млрд. теңге бөлінді, ол қаржыға бүгінде 96 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 51,2 млрд. теңгеге 77 мектеп, сондай-ақ, 6,7 млрд. теңгеге 19 балабақша құрылысы жүргізілуде.
Кеңес барысында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарға 26,9 млрд. теңге, яғни жылдық жоспардың
46%-ы аударылғанын мәлімдеді. Вице-министр 21 білім беру нысаны, оның ішінде 13 мектеп (Қызылорда облысында – 2, ОҚО-да – 7, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 мектептен), сондай-ақ, 8 балабақша (Алматы облысында – 2, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, СҚО-да, ОҚО-да, Алматы қаласында – 1 нысаннан) пайдалануға берілгенін жеткізді.
Оған қоса, ол мердігерлердің сотқа жүгінуі, талқылауы, мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінен кейін қалуы, мемлекеттік сатып алулардың аяқталмаған рәсімдері және келісімшартты кеш жасау қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері болып табылатынын айтты.
Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне білім беру нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін кешіктірген мердігерлермен жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.
«Қаржылай қаражатты уақытылы игеру бойынша шараларды қабылдау, сондай-ақ, бақылауды күшейту және тиісті ведомство тарапынан нысандар құрылысының барысына мониторинг жүргізу тетігін жасау қажет», деп атап көрсетті Д.Назарбаева.
«Егемен-ақпарат»

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше